Шымкент — IT технологияның даму алаңына айналады

«Бүгінде IT-технология - бизнесті бастау үшін нағыз перспективасы бар сала. Осы тұрғыда Шымкент қаласындағы жоғары, арнаулы оқу орындары, денсаулық сақтау, өнеркәсіп салаларына жаңа технологияларды енгізу қажет. Сол арқылы шаһарда шағын бизнесті дамытуға басымдық беруге болады. Әсіресе жастар көп шоғырланған Шымқала үшін бизнес инкубатор жобалары мен жаңа технологияларға қатысты тың идеяларды қолдауға, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беруге болады»

1
Шымкент дендросаябақ

Бұл туралы Шымкент қаласының агломерациясы туралы мәжілісте облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев мәлімдеді.

Қазіргі таңда IT-сыз өмірді елестету күннен күнге қиын екендігін тілге тиек еткен өңір басшысы Б.Атамқұлов бұл тиімді жағдайды кәдеге жаратуға Шымкент қаласының толық мүмкіндігі бар екендігін айтып өтті.

250 мыңнан астам жастар өмір сүріп отырған қаламызда IT-технологияны дамыту үшін көп шығын кетпейтіні белгілі. Себебі, бұл таза «ақыл-ой» еңбегінің жемісі.

Анығы, ақпараттық технология тұрғындардың өмір деңгейін жақсартып, жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Жаңа мүмкіндіктерді ашуды қамтамасыз етеді. Мәселен, IT-технологияның Шымкенттегі тынысы ашыла қалса жас кездерінен бастап-ақ «жаңадан» кәсіпкерлік қызметін бастаған әлемге әйгілі бизнесмендер Джон Рокфеллер, Стивен Джобс, Марк Цукербергтың шаһарымыздағы болашақ программисттердің өз бизнестерін бастауына түрткі болатындығы анық.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

Пікір қосу