Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының күші жойылды

Бүгін, 2016 жылы 6 мамырда есірткі заттарын контрабандалау бойынша айыпталған Қазақстанның азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық ic бойынша ҚХР Гуандун соты апелляциялық сотының жариялауы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дереккөз: Tengrinews.kz
4
Ақжарқын Тұрлыбай

«Сот Ақжарқын Тұрлыбайға бұрын қойылған өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жою және істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберу туралы үкім шығарды. Гуандун сотының қаулысы шағымдануға және наразылық келтіруге жатпайды және дереу күшіне енеді», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталды. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін айтты. Кейін Қытай соты оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

4 пікір

  1. Казахстаннын жерын неге кытайга беруымыз керек не ушын не себеп тен айтыныздаршы Сондай бос жерлерды неге озымыз дын анау жер ала алмай журген бала шагасымен симай журген уйлеры жок казагымыз коп емеспе соларга неге бермейд екен.казыр копко уйлеры жок времянка тамда отырган сондайларга берсын жерды. Кытайларга бергенше айдаладагы.

    • Олар кытайдан акша алады. Жолдан тайған періштелерғой. Ал халықта ақша жоқ

  2. бизден казактар бирбирине комек тескенше айдаладагы ак отау аузы мырны жок отауга комек тескенди жаксы кореди

Пікір қосу