ҚР Ұлттық Экономика министрі Ерболат Досаев отставкаға кетті

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған жиын өтуде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында жазды.

0
Ерболат Досаев

Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасына жиында ең өзекті мәселелер талқыланатынын жазған.  Отырысқа парламент палаталарының төрағалары, премьер-министр, президент әкімшілігінің жетекшісі, үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда.

Отырыс барысында белгілі болғандай ҚР Ұлттық Экономика министрі Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев отставкаға кеткен. ҚР Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс берілген. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу