Қызылорда полициясы митингкте соққыға жығылған азамат жайлы ақпаратты жоққа шығарды

2016 жылы 1 мамыр күні әлеуметтік желі арқылы, полицияның соққысынан қансыраған ер азаматтың бейнесі деген түсіндірмемен төмендегі сурет таралаған еді. Дереккөз: tuz

2
Жалған ақпарат

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі бүгін бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

« Ол ақпарат жалған әрі халықты арандату мақсатында әдейі жасалған болуы мүмкін. 1 мамыр күні алаңға жиналғандарды полиция қызмсеткерлері тарапынан ұрып-соғу, күш қолдану әрекеті болған жоқ»,-дейді ІІД баспасөз хатшысы.

Ішкі істер қызметі желіде таратылған мына суреттің 2015 жылы ақпан айында Қытайда болған оқиғада түсірілгенін анықтаған.

Сонда-ақ, арандату әрекеті бойынша Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті арандатушыларды іздестіріп жатыр.

Табылған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

2 пікір

Пікір қосу