Қанат Ислам мен Хуан Де Анхель арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» арнасы көрсетеді

«Қазақстан» Ұлттық арнасы отандасымыз Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 21-жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетуді жоспарлауда. Бұл туралы Ұлттық арнаның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Дереккөз: nur.kz
0
Қанат Ислам

Кәсіпқой бокс әлемінде «Қазақ» атымен танылған Исламның бұл жолғы қарсыласы 28 жастағы колумбиялық былғары қолғап шебері Хуан Де Анхель. Басты кездесуі Ислам мен Де Анхель арасындағы жекпе-жек болып табылатын рейтингтік бокс кеші 9 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында Астана уақытымен таңғы 07:00-де басталмақ.

Кәсіпқой боксқа 2012- жылы ауысқан Қанат Ислам бұған дейінгі өткізген 20 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. Оның ішіндегі 17 кездесуде отандасымыз қарсыластарын нокаутқа түсірген.

Ал Хуан Де Анхельге келер болсақ, колумбиялық боксшы 2008 жылдан кәсіпқойлар арасындағы сындарға қатысып келеді. Шаршы алаңда 22 жекпе-жек өткізіп 18-ін өз жеңісімен аяқтаған. Үшеуінде Де Анхельдің қарсыластары басым түссе, бір кездесу (Хуанның кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі) тең нәтижемен аяқталған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу