Алматыда Рысбек Сәрсенбай мен Мұхтар Тайжанды полиция ұстап әкетті

Алматыда бүгін журналист, "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай мен қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжанды полиция ұстап әкетті. Бұл туралы Азаттық хабарлайды. Дереккөз: Азаттық

1
мұхтар тайжан

Олар бүгін сағат 11-де Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында өзге де белсенділермен бірге жер мәселесіне қатысты митинг өткізуге рұқсат сұрау туралы жиын өткізбек болған.

Рысбек Сәрсенбайдың Азаттыққа телефон арқылы хабарлауынша, оны Алматыға кіре берісте, редакция көлігімен келе жатқанда Думан ықшам ауданындағы жол полициясының экологиялық тексеру бекетінде жол полициясы қызметкерлері тоқтатқан. Бұдан соң 4-5 полицей оған себебін айтпастан күштеп көліктеріне отырғызып Медеу аудандық ішкі істер бөліміне апарған. Ол полиция ұстайтын кезде әйелі Маржан Аспандияровамен бірге келе жатқанын, оның баспасөз жиынын өткізу үшін Ұлттық баспасөз клубына кеткенін айтты.

Қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжан Азаттыққа өзін Алматыда полиция ұстап әкеткенін ғана хабарлап үлгерді. Қазір оның телефоны сөндірулі тұр. Тайжанды нақты қай аудандық ішкі істер бөліміне әкеткені белгісіз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Неге биринши осы қазақстанда тұратын адамдарға 10 соктык жер бермейді. .мысалы мен де не жер не уй жоқ жердин тизимин 2004 жылы тұрған быз али жоқ . Биринши өз халықын жарылқап алсын.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!