Ташкентте қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында Денис Уланов 85 килограмм салмақ категориясында алтын медаль алды деп хабарлайды Азаттық.

Дереккөз: Азаттық
0
Денис Уланов

Ол серпе көтеруде 168 килограмды, жұлқа көтеруде 205 килограмды көтерді. Улановтың қоссайыстағы нәтижесі 373 килограмм болды.

Күміс жүлдені 356 келі (158+198) көтерген ирандық Муса Вижарахи, қола медальды 355 келі (165+190) көрсеткішке жеткен қытайлық Сю Ин алды.

29 сәуірде Ташкенттегі Азия чемпионатында 94 килограмда Владимир Седов жарысқа шығады.

Биылғы Азия біріншілігіне Қазақстаннан тек Денис Уланов пен Владимир Седов қатысып жатыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу