Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы мүмкін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың зейнетақы жинақтарын ауыр сырқаттарды емдеуге, білім алуға және жылжымайтын мүлік сатып алуға беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz. Дереккөз: Bnews

2
БЖЗҚ

«Қазіргі таңда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға заңмен тыйым салынған. Зейнетақы иммунитетін сатып алуға зейнетақы жинағы жеткілікті болып, әйелдер 50, ал ер адамдар 55 жасқа толған жағдайда ғана қаржыны мерзімінен бұрын алуға болады. Басқа жағдайларда ақшаны алуға тыйым салынған», – деді ол.

Дегенмен, «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, қазіргі таңда шетелдік тәжірибе негізінде бірқатар өзгеріс енгізу қарастырылуда.

«Бүгінде БЖЗҚ зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда қаржыны бірінші қажеттіліктерге мерзімінен бұрын алуға қатысты халықаралық тәжірибені зерттеп жатыр, оның ішінде Малайзия, Сингапур, бірқатар Еуропа елдері бар. Ең алдымен, бұл ауыр сырқаттарды емдеу, білім алу және жылжымайтын мүлік сатып алумен байланысты шығындар болуы мүмкін. Бұл мәселе әлі қарастырылып жатыр», – деп түсіндірді Ерденаев.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

2 пікір

  1. 55тен астык неге зейнет акы корындагы 50% бермейди, калганын зейгеткерлике шыканда берсин.????

  2. Менин жолдасым 12 жыл мектепте жумыс истеди казир жумыссыз пенсионный фондын ала алама

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!