Халықтың сауалына жөнді жауап қайтармаған мемлекеттік мекемелерді сотқа беруге болады

Мемлекеттік құпияға жатпайтын мәліметті халықтан жасырған шенеуніктер де жауапқа тартылмақ. Бүгін «Ақпаратқа қол жетімділік» туралы айтқан депутаттар, осы заңның қалай іске асып жатқанын баяндады.

Дереккөз: КТК арнасы
0
Мемлекеттік мекеме парламент

Құжатқа сай, кез-келген азамат мемлекеттік мекемелерден өзіне қажетті ақпаратты сұрата алады. Бұл әрі Ата заңның талабы. Экономикадан бастап әлеуметтік мәселелер және бюджеттің әр тиынына дейін қайда жұмсалғанын білуіне құқы бар. Оның үстіне шенеуніктер жұрттың дұрыс ұқпаған заң жобалары мен реформаларды тәптіштеп түсіндіріп беруі тиіс. Бұл құжат былтыр «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында қабылданған болатын.

Ал министрлік, әкімдік пен түрлі органдар тұрғындардың сауалына 15 күн ішінде жауап беруге міндеттеліп отыр. Талапты орындамаған мемлекеттік қызметкерлер жаппай жазаланатын болады.

Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс депутаты: -Егер мемлекеттік органдар ашық ақпаратты «қызметтік айналымға түспейтін ақпарат» деп шешімдер қабылдап бермей жатса, онда осы мәселені сотта көтеріп, айыппұлдар салуға барлық мүмкіндіктер бар.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу