Айнаның арғы бетіндегі Алиса қазақ тілінде сөйлемек (Видео)

Өткенді өзгерту мүмкін емес. Ол әрқашан болған. Әйтсе де, сіздер одан бір нәрсе үйренгендеріңіз анық деп айтуға болады... Фильм кейіпкері – Уақыт 26 мамырда Қазақстанның үлкен экрандарында Disney студиясының «Алиса айнаның арғы бетінде»/«Алиса в Зазеркалье» атты қазақ тіліне дубляждалған кезекті фильмі шықпақ. Бұл Льюис Кэроллдың ұмытылмас кейіпкерлері қатысатын кезекті, әсерлі оқиғасы болмақ. Алиса Ессіз Қалпақшыны құтқару үшін өткен шаққа саяхатқа аттанып, Жер астының хикметті әлеміне қайта оралады.

2
Алиса в Зазеркалье

Туындының режиссері Джеймс Бобин, Тим Бертонның «Ғажайып әлемдегі Алиса» фильмінде құрған өзгеше әлемге өзінің ерекше көзқарасын енгізді. Ал, фильмнің сценариін Льюис Кэролл ойлап тапқан кейіпкерлер негізінде Линда Вулвертон жазып шыққан.

Алиса айнаның арғы бетінде

Қазақша дубляждың режиссері болып, бұған дейін «Джунгли кітабы», «Күлбике», «Малефисента» фильмдерінің, «Көліктер» анимациялық мультфильмінің және басқа да туындылардың аудармаларында атсалысқан Айжан Жамшитова қатысты.

Дубляж отандық, кәсіби «Aray Мedia Group» дыбыс жазу және дубляждау студиясында жүргізілген, соңғы жинақтау Лондон қаласындағы «Shepperton» студиясында жүзеге асырылды. Дубляждың сапасын сіздер ғаламторда және әлеуметтік желілерде орналастырылған фильм трейлерін көре аласыздар.

Дубляжға жиырмадан астам қазақстандық актерлар қатысты. «Алиса айнаның арғы бетінде»/«Алиса в Зазеркалье» фильмінің басты кейіпкерлеріне өз дауыстарын: Назерке Серікболова (Алиса Кингсли), Нартай Сауданбекұлы (Уақыт), Дәурен Серғазин (Қалпақшы Таррант Хайтоп), Айнұр Бермұхамбетова (Ирацебета), Сәнді Қаршалова (Мирана), Майра Омар (Хелен Кингсли), Данияр Сванқұлов (Хамиш), Бекболат Құрманғожаев (Вилкинс), Сағаділдә Үсіпбалиев (Заник Хайтоп), Бейбіт Құсанбаев (Мактвисп), ҚымбатТілеуова (Мальямкин), Шах-Мұрат Ордабаев (Тэкири) сыйлады.

Disney студиясының «Алиса айнаның арғы бетінде» атты жаңа еліктіргіш оқиғасы көрермендерге Льюис Кэрроллдың қаламынан шыққан сүйікті кейіпкерлермен көптен күткен кездесуін сыйлайды. Алисаны өзінің досы, Ессіз Қалпақшыны құтқару үшін алда күтпеген жағдайларға және ғажайып жаңалықтарға толы сапар күтіп тұр.

«Ғажайып әлемдегі Алиса» фильмінде Жер астын мекендейтін әйгілі кейіпкерлер, танымал жұлдыздар ұжымының арқасында қайта жанданады. Джонни Депп («Черная месса», «Пираты Карибского моря») – Тарант Цилиндр, Ессіз Қалпақшы ретінде көбірек танымал.

Энн Хэтуэй («Отверженные», «Дьявол носит Prada») Мирананың рөлінде – жуас және мейірімді Ақ патшайым, Жауыз Қызыл патшайымның сіңілісі болып қайта оралады. «Бұл фильмде Мирананың  соншалықты мінсіз емес екендігі жайындағы идея қызықтырды. Оның бойында да апасына тән жағымсыз қасиеттер бар, бірақ ол оны барынша жасыруға асық», — дейді Хэтуэй. Ол жақсылықтың жағында болғанмен, біз басында ойлағандай, бәрі де оңай емес екенін білетін боламыз».

Миа Васиковска («Багровый пик») – Алиса Кингсли, Викториандық Лондонда өскен жігерлі, қиялшыл әрі нонконформист қыз. Қазір ол жасөспірім және өзінің туа біткен әуесқойлығы мен талпынысы арасындағы үйлесімдікті табуға тырысады сонымен қатар айналасындағылардың көңілінен шыққысы келеді. «Алиса – керемет кейіпкер, өйткені ол тәуелсіз, өз кемесінің капитаны болған сапардан оралған соң өз – өзіне деген сенімі арта түседі», — дейді Васиковска.

Ирацебетаны, бұрынғы Жер асты патшасы, өзінің сіңілісі Мирананы ұнатпайпын, теңгерімсіз Қызыл Ханшайымды  Хелена Бонэм Картер («Суфражистка», «Золушка») ойнайды, ал Мэтт Лукас («Приключения Паддингтона») өздерін бала сияқты ұстайтын және әрдайым даурығып жүретін, толықша егіздер — Траляля мен Труляляны қайтадан дыбыстайды.

Актерлар құрамында сондай-ақ: Рис Иванс («Новый Человек паук»), Заник Цилиндрді — Ессіз Қалпақшының керітартпа, ұлынан әрдайым жоғарғы нәтиже күтетін әкесі рөлін сомдайды, Уақыт роліндегі Саша Барон Коэн («Борат», «Суини Тодд, демон-парикмахер с Флит-стрит») бар.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

2 пікір

  1. жаксы екен.бирак мунда бораттын(саша барон коен) дауысын кай казак салды екен?

Пікір қосу