20 мың теңгелік купюра әлемдегі үздік банкноттардың бірі болды

Қағаз ақша белгілері коллекционерлерінің халықаралық қауымдастығы (International Bank Note Society, IBNS) бес жаңазеландиялық доллардың жаңа купюрасын 2015 жылғы үздік банкнот деп таныды. Осы атаққа үміткерлердің арасында 20 мың теңгелік купюра да болды деп хабарлайды Қазақпарат. Дереккөз: ҚазАқпарат

4
20 мың теңге жиырма

Жеңімпаз-банкнот сары-күрең түстер гаммасында орындалған. Оның бір жағында 1953 жылы Эверест шыңын алғашқы бағындырушылардың бірі болған жаңазелендиялық альпинист Эдмунд Хиллари бейнеленген. Жаңазеландиялық бес мың долларлық банкноттың келесі жағына пингвиннің суреті салынған, деп жазады РБК.

Бес жаңазеландиялық долларлық банкноттың дизайнын 2015 жылы Жаңа Зеландияның Резервтік банкі ұсынды. Банкнотты Оттавадағы Canadian Bank Note Company басып шығарды.

Жеңімпаз IBNS мүшелерінің дауыс беру қорытындысымен таңдалған. Көшбасшыға таяу ақшалардың ішінде балалар жазушысы Астрид Линдгрен бейнеленген 20 швед кроны банкноты, Қырымның көрікті жерлері бейнеленген ресейлік мерейтойлық 100-рубльдік купюра, қазақстандық 20 мың теңгелік купюра және шотландтық бес фунт бар. IBNS конкурсына 2015 жылы шығарылған әлемнің жиырма банкноты қатыстырылды.

2015 жылы барлығы 150 жаңа банкнот шығарылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 20 000 теңгелік қазақстандық ақша аймақтық банкноттардың халықаралық конкурсында дизайн саласындағы технологиялар қолданылған үздік ақша купюрасы болып танылған болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

4 пікір

  1. Жақсы жаңалық екен. Мұнай бағасының өсуіне байланысты, алдағы уақытты теңгенің құны көтеріледі деп сенемін.

Пікір қосу