Кентау трансформатор зауытының 48 маманы өз баспанасына қол жеткізді

Кентау трансформатор зауыты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қарамағындағы қызметкерлерге әлеуметтік қолдау жүйесін енгізген. Соның нәтижесі болар былтыр 48 маман өз баспанасына қол жеткізді. Тұрғындар қуанышына біздің түсірілім тобымыз да ортақтасты.

Дереккөз: Қазақстан арнасы
0
Кентау трансформатор зауыты

Баспана мәселесі біраз жылдан бері жас мамандардың бас уайымына айналған еді. 5 қабатты тұрғынүй пайдалануға беріліп, тұрғындар шат-шадыман күй кешті. Ұжым игілігі үшін зауыт басшылығы тегін күріш таратып, ас-суына да көмектесіп тұрады. Себебі, мұндағы мамандар — ірі кәсіпорындағы ілкімді істердің бастамашысы.

Білікті кадрларды бұқаралық спортқа баулу үшін кіші футбол ойнайтын спорт аланшасы және түрлі тренажерлар орнату ісі де назардан тыс қалмаған. Спорт алаңы, балалар ойнайтын жер бар, күнделікті кешкі мезгілде жарықтандырылып, ауланың азаматтарына, балаларына барлық жағдай жасалды.

Зауыт қызметкерлерінің автокөліктерін орналастыру мақсатында арнайы орын бекітіліп, қоршалды. Зауыт ұжымы бұл көктемде тынған жоқ. Ауланы абаттандыру жұмыстарына қызу кірісіп, тал екті, көгал аумағын кеңейтті. Күнделікті суарып, қарап отыруды қызметкерлерге жүктеді. Бірлігі жарасқан ұжымның өзі – шағын ауыл іспеттес.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу