Алматы Марафонында шетел жеңімпаздары көбейіп жатыр

Алматы Марафонында жыл сайын жүлделік орын алып жатқан шетел атлеттерінің саны көбеюде. Биыл Қазақстанға V мерейтойлық Алматы Марафонына әлемнің шамамен 40 елінен 400-ге жуық салауатты өмір салтының әуесқойлары келді.

0
Алматы Марафоны жүгіру

— V Алматы Марафонының барысында көптеген медальді Қырғыстан өкілдері алды. Олар марафон қашықтығында өздерінің жас санатында 28 жасар Тыналиева Айзада мен 53 жасар Шааева Толгонай 1 орынды иеленді. Қырғыстанның ерлер құрамасы алтынды иеленбесе де, 32 жасар Момуналиев Бакыт қола жүлдегері болды, ал 41 жасар Колесников Иван 2 орынға ие болды. Ресей құрамасы екінші орынға тұрды.

Алматы Марафоны жүгіру тау

«Скандинавия жүрісінде» бірден 3 спортшы басты орындарды алды: Георгий и Максим Прощенко абсолюттік есепте 1 және 3 орын алды. Инна Максименко 3 орынды иеленді. Маргарита Трифонова марафон қашықтығындағы 40-49 санатында 3 орын алды. Ұлыбритания өкілдері Дженнифер Сид (29) пен Кэтрин Симпсон (31) 42 шақырымында күміс пен алтынды иеленді. Сонымен қатар марафон қашықтығында словендық Кафник Матеж (29, 3 орын), АҚШ өкілі Нгуйен Йен (54, 3 орын) және Қытайдан келген Майкл Фанг (52, 2 орын) жүлделік орындарға ие болды. 3 шақырымдық балалар қашықтығында жас колумбиялық Гарсия Хуан Себастьянға жететіндер болмады.

Алматы Марафоны жүгіру тау

Осылайша, былтырғы жылмен салыстырғанда, жүлделі орындарды иеленген шетел азаматтарының саны екі есеге өскенін айтуға болады. Бұл Алматы Марафоны әлем марафондарының күнтізбесіндегі танымалдығы өсіп келе жатқандығын көрсетіп, Қазақстанға алыс және жақын шетелдерден келген түристерді тартып жатыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу