Кореялық азамат қазақ тілін үйрену үшін не керектігін айтты

Қазақстанға 7 жыл бұрын көшіп келген корей ұлтының өкілі Ши Мон Сон бүгін «Таңшолпанға» сұхбат берді деп хабарлайды Қазақстан арнасы. Дереккөз: Қазақстан арнасы

0
Ши Мон Сон

«Қазақ пен корей халқының арасында ұқсастықтар өте көп. Жасы үлкенді сыйлау, үлкендері дастархан басына келмей, кішілері дәм алмайтыны бізде де бар. Сондай-ақ, екі ел халқы да ән-биді жақсы көреді»,  – дейді Ши Мон Сон.

«Ел Тәуелсіздігі үшін әркез тәубе етемін», – деген ниетін білдірген корей ұлтының өкілі  қазақ халқын егемендіктің 25 жылдығы мерейтойымен құттықтады.

«Қазақ тілін Ақтөбедегі тіл дамыту орталығында  7 ай бойы үйрендім. Тілді үйрену үшін ең алдымен ынта, ықылас қажет. Онсыз өзге тілді меңгеру мүмкін емес. Қазақ тілін білуім, тұрып жатқан еліме деген құрметімді білдіреді».

Ши Мон Сон сондай-ақ, қосымша ағылшын, орыс, жапон тілдерін біледі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!