Қазақстандық жұлдыздар жер саудасына қарсылық білдірді

Жер сатуға наразылық білдірушілердің қатарына өнер саласындағы азаматтар да қосылды. Олар бірауыздан халықпен бірге екендерін, жердің саудасына да, оның жалға берілуіне де қарсы екендіктерін айтып отыр. Бұған қоса, ел ішіндегі наразылықтың басқа арнаға бұрылып кетпеуіне алаңдаулы.

Дереккөз: 31 арна
26

Жай уақытта бастары көп біріге бермейтін әнші, актер, журналистер бұл жолы пікірлерін айтуға бірге жиналды. Өйткені, бәрінің де  талабы ортақ. «Жер жалға берілмесін» деген.

Жер жалға берілмесін Қазақстан жұлдыздары

СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ, Әнші: — Біреу ертең отқа май құйып жіберсе үлкен бір адам шығынына әкеп соқтыруы мүмкін. Сол үшін тез арада елдің бейбітшілігін қаласа, халық санының артқанын қаласа, кемімегенін қаласа, билік ертерек шешімін өзгертсе деген талап тілегіміз бар.

Жиналғандардың бұлайша дүрлігуіне әсіресе, Қытай инвесторларының қазірден-ақ қызығушылық танытып отыруы бір себеп. Жерді жалға беру- басы бүтін бергенмен тең деп есептейтін өнер иелері, ел болып қазір тойтарыс бермесек, кейін кеш бола ма деседі.

БАҚЫТ ТУШАЕВ , Актер: — Не үшін жалға беруіміз керек? Қытайлар 25 жылға  жалға алатын болса  оған соя егетін болса үш-ақ жылда жердің тас-талқанын шығарады. Он жылдық құнарын үш-ақ жылда жойып тастайды. Және ертең 10 жылдан кейін сол жерді өзімізге жалға бермесіне кім кепіл?

Ал актер Бекжан Тұрыс пен ақын Ринат Зайытов ел жанұшыра шулап жатқанда, үкіметтің сырғытпа жауаппен шектелуі халықтың  қарсылығын толқуға ұластырып жібере ме деп алаңдаулы. Сондықтан, бұл айтқандарымызды билік тарапы сес көрсету емес, ел мен үкіметті мәмілеге келтірудің жалғыз жолы деп түсінсе екен дейді.

БЕКЖАН ТҰРЫС, Актер: — Ашынып атқа қонған қазақтың алдында тұрма, тамтығыңды шығарады. Сондықтан соны ойлау керек. Халықты ашындырмау керек.

РИНАТ ЗАЙЫТОВ, Айтыскер ақын: — Халықтың үніне құлақ асып жатқан ешкім жоқ болғаннан кейін бұл осындай көтеріліске жетелейді. Халықтың ашуын тудырады.  Бұл туындап жатқан дүмпу енді өршімесе бәсеңсімейді. Ол халық ертең атамекен жері үшін, ұрпағына мирас болатын, қала берді өзі өлгеннен кейін көмілетін жері үшін ол аяғына дейін барады.

Қысқасы, елмен бірге екендерін білдіргісі келген танымал тұлғалар,  келесі жиында қайта жүздескенше деп тарқасты. Өйткені, белсенді топ, мұнымен тоқтап қалмақ емес екен.

СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ,  Әнші: — 21-не жұрттың бәрі жиналғалы жатыр. Алла нәсіп етсе бізде бой көтереміз. Ойымызды айтамыз. Бізде бұғып қалмаймыз. Өйткені, бұл біздің жеріміз. Ата-бабаларымыздан қалған жер.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

26 пікір

  1. Туған жеримизди сатып басымызқға сонша не кун туды? Ата-бабаларымыз касык каны калғанша куресип осы жерди бизге калдырып кетти. Бирак олар урпағымыз осыншалыкты бишара болып өз туған жерин өзгеге берет деген жок Баска сататын нəрсе курып калдыма.Кудай бетин əри кылсын ертен уйғырлар сиякты не ел.не жер жок əркімнің колтығында өгей бала кусап журмесин казактар…….Бота

    • Тусинбеймин канша казак далада каңғып жур .Уй салатын жери жок квартирада көшип-конып байғұстар.Министрдың басында тауыктың миындай ми жок .Сол казактарға бермейма жерди ең болмаса сатып алар едиғой. Кұдай-ау жердиң бəрин кытайға берип сонда Казактар ауада калыктап тұрама

    • апатай, казак деген немене? дұрыс қазақша жазбайсыз ба?

    • мен оз басым да жер сатуга келиспимин.Сонда жогарылар карапаиым халыкты оиламаганыгой.Казирги уакыт барда тез арада токтату керек ертен барлык халык котерилсе арты жаксы болмаиды.

  2. кайрат нуртас кайда, баска баска халык соны ерекше жаксы корди гой ал ол биликтин сойылын согып жур, кимнин ким екенин енди билетин боласыздар

  3. Жарайсындар жiгiтер сабырдын да шегi бар пенсия жасын узартты сабыр етiк орамалды айтып дiнге тидi сабыр дедiк одан калса тiл маселесi козгалган да тагыда сабыр етiк жер Казактын жерi жер болмаса ел болмайды
    Козi ашык кокiрегi ойяу адам бул маселеге аландамай карап жата алмас

  4. Алла сактасын,ер азаматтарымыз аман болсын!!! Билик басындагы шенеуниктер Асыл Ана ,осы ел ушин,жер ушин урпагын жалгастырып, келе жаткан,осы Отанымызга еге болады Деп ,Аяулы мейримди Анадан тараганынын естерине шыгармага екен!!!

  5. Әйтеуiр бiр шықты ау, қараша халық шырылдағалы қай уақыт. Дегенмен жарайсыңдар!

  6. Министр заң өзгермейді, жалға бәрібір береміз, өзім түсіндіремін халыққа деді ғой. Түсіндіріп көрсін, Мен түсінбейтін сияқтымын.

  7. Жарайсыздар агаларым, карапайым халыкка караганда сиздер биликке бир табан болса да жакынсыздар, сондықтан сиздердің де біріккендериниз жон. Жеримизди бермейикши, сатылмасыншы және жалга да беру деген болмасыншы. Бұл не сумдық болды ози, кандай мемлекет кандай елге жер берип жатыр жалга деп, тек биз гана, неге? озимиз ултарактай жерге жете алмай квартирада журмиз, оз елимиз, оз жеримизде ал кожайынымыз туриктер, солардын айтканын истеуге тура келеди. Әділетсиздикке әрен шыдап жүргенде жерди сатады дегенді естіп мулдем төбемнен жай түсті. Қазақ емес түрік болып туылмадым екен одан да деген ой да келеді басқа. Бізге караганда тұрмыстық жағдайлары едәуір жақсы және біз секілді баламен квартирада жүрген біреуі жоқ.

    • Бізде жерді сатуға және жалға беруге карсымыз. Мамырдың 21-і күні алаңға шығып бірге бас көтерейік.

  8. ел мәселесіне бейжай қарамайтын әрбір азаматтың істейтін ісі осындай болу керек. отырып алып бір бірлеріңізге ғана айтпай осылайша жиналып халықтың пікірін жеткізіп жатқандарыңызға рахмет. жер сатылмайды тек қана жалға беріледі деп халықты басамыз деген ой дұрыс емес. бүгін жалға беріледі ертең сатылады. істің мән жайына бармай жатып айтты демеңіздер. мен де қарапайым халықтың арасында жүрген осы елдің азаматымын. елде болып жатқан жағдайға өз пікірімді айтуға менің де құқығым бар.

    • Ел басынын оз билгени бар шыгар.Керсинше отка май куюшылардан сактану керек сиякты.

  9. Екi колга бiр Жумыс таппай журген казак баласы жерi болса тамагын тауып жер едi. Ендi туган жерi сатылса калай кунiн коредi? Жердi казакка берсе оз жерiнде баска кликать жалданбай кез келген казак баласы нанын тауып жер едi гой. Бугiнмен омiр сурмей болашакты урпакты ойлайыкшы агайын! Ата-бабамыздан мурага калган жер байлыгымызды келiмсектерге оз колымыздан бермеу керек. Намыс кайда? Сол шетелдiктер усынган тиынга казакстан карап калган док кой. Казак жерi бай. Оз байлыгы халкын асырауга жетедi. Тек нысап керек. Намыс керек. Олiмнен уят куштi деген казак баласы емеспiз бе?

  10. Қайрат
    Иә ағалар, жерді қытайлықтарға жалға бердім деген ол жерден айырылдық деген сөз. Сондықтан басшылықтағы ағалар халықпен санасып дұрыс шешім шығарайық.

Пікір қосу