Нұрсұлтан Назарбаев жерін қорғаштаған халқына ризашылығын білдірді

Бүгін Астанада өтіп жатқан ҚХА-ның XXIV сессиясында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жерін қорғаштаған қазақ халқына риза екенін білдірді. Бұл туралы жазба Ақорданың Твиттер-парақшасында жарияланды. Дереккөз: SkifNews.kz

32
Нұрсұлтан Назарбаев

“Ағайынға ризамын. Лайым жерге деген көңіл осындай болса, халқымыз қасық қаны қалғанша оны қорғайды деп сенемін” – деді аталған жиын барысында Н.Назарбаев.

Президент сондай-ақ, Жер туралы кодекстегі өзгерістер арқылы ауыл шаруашылығындағы шаруақор ағайынға жеңілдік жасау көзделіп отырғандығын да атап өтті.

“Жер – ата-бабамыздан бізге мирас болып қалған ең басты қазынамыз, ұлтымыздың ұлы байлығы. Қазақтың даласы – халықтың меншігі. Қазақстанның 14 мың шаршы км шекарасын шегендеу үшін мен 8 жыл келіссөздер жүргіздім. Жер туралы кодекстегі өзгерістер арқылы ауыл шаруашылығындағы шаруақор ағайынға жеңілдік жасау көзделіп отыр” деп атап өтті Елбасы өз сөзінде.

Айта кетейік, бұған дейін Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге наразылық білдірген халық Атырауда митинг ұйымдастырған болатын. Сонымен қатар, ел тұрғындарының басым бөлігі әлеуметтік желілер арқылы заңға өз қарсылықтарын білдіруде. Олар үкімет ұсынып отырған жерді сату және шетелдіктерге жалға беру бастамасына түбегейлі қарсы.

Естеріңізге сала кетсек, Атыраулықтар “жер сатуға” қарсылық білдіріп алаңға жиналып шеру өткізген болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

32 пікір

    • Олай жазба!!! Осының бәрін былықтырған Елбасы енди шешіп жатқандай болып жатыр! Халықты ақымақ санайма

    • Еліне жаны ашып не істеп жатыр соншама, мұнай-газ кен орындарын семьясымен жекешелендіріп алып, жартысын Қытайға берді. Халқының жағдайынан мақұрым. Ел тыныш болса, ол қазақтың шүкіршілігі, сабырлығы. Аспанымыз ашық болса ол Құдайдан.

  1. Елбасымыз елди жерди жане улттык намасымызды аяк асты кылгызбайды деген сенимдемин

  2. Халықты мақтап алдаусыратып отырған жоқ па екен. Қазақтан басқаның ішінің ашымағаны жөнінде бір сөз айтпады -ау.

    • Арине казирги заманда бари алдамшы укиметтен еш кайран жок.Барлык жердиде уйди де алып жаткан калтасы калындар.Жагдайы жок карапайым халыкты ешким ойлап жаткан жок.Озге елдин жагдайын жасаганша карапайым халыктын жагдайын жасасын.

  3. ризашылык билдирип исти тындырып отырган болар, кол астындагылар басшы не айтса сол болады, ата-ана не айтса бала соны истемейма, дал сол сиякты болмасына ким кепил, басшымызга улкен рахмет осы кунге жеткизгенге, кудайсактасын кайтадан бурынгы куйге тусирмесе болар,

    • Аздап бірдеңең бар болғасын айтып отырғанқболарсың. Дымы жоқтарды, күнделікті нан таба алмай отырғандарды қайтесің

  4. Бетемізге басқа деп артымыздан басқа нəрсе істеп жүрмесін. Сендердікі дұрыс деп алып аузымызды аңқитып кетпесін. Сақ болайық. Аллам өзі жар болсын қазақ халқына.

  5. Мен орган сенбеймин. Сендер де сенбендер. Бир Алла бизге, казактарга жар болсын

  6. Біз қазақ деген халық дала халқымыз бізге ақша дүния мүліктің коп қажеті жоқ бізге ішер ас киер киміміз болса болғаны басымыз аман деніміз сау ел жұрт тыныш өмір сүру әр адам баласының міндеті бір елді қанға тұншықтырып өз елін тойдырып жатырған мемілекет тургындарына таң қаламын менің елім сондай қатігездік жасап жатырса ол елімді ел деп санамаймын біз адам зат әлі күнге дйін сонау бір қалыптасып қалған өмір сүру заңымен келе жатырмыз сол кездегі варворстваны қазір политикадеп өзгертті бар болганы сол мен өз басым мемілекетіме көп өкпем жоқ басқа азя мемілекеттеріне қараганда әлде қайда жаксымыз басқа азя мемілекеттерінде тіпті заң жоқ деп те айтуға болады дегенмен ар ұлтың өзіне анадан сінген табиғаты бар оларға анадан іште жатырда жатырған кезінде құл болу дерті сіңсе бізге қазаққа даланың көк бөрісінің қасиеті бостандық такапарлік өз аумағын қорғау қасиеті қалыптасқан енді ойымды қортындылай келе біз мұсылман еліміз бізге алла осы ел басымызды Назарбаевты әлі күнге дейін көш басымыз етіп отыр демек ол сонда қалай болғаны дұрыспа бұрыспа ? Ол сұрақтың жауабы уақыт еншісінде дегенмен ел басы осы мен жазган ойымды оқысаңыз төзімніңде шегі бар деп айтқанғой дана халқым сол төзімнің шырқау шегі жеткен секілді сіз бір күн қарапайым қазақстан азаматының ауыл қала азаматы немесе азаматшасы деп болмимін бәрі бір өмірімен өмір сүрсеніз әлде қалай болар ма еді айнала толған корупция заңсыздық жалақы мардымсыз әкімшілік штрафтар шынғырып тур сол заңдарды қабылдайтын дипутаттарға жалақыларын айына 30мын тенге етіп сол заңды енгіз деп көріңзші сізге қалай сайрар екен сонда білесіз айтарым елде байыған байлар байып жатыр сағаттап кедейлер сол қалыпта өсу жоқ алға қарай ел басы сіз жас емессіз қарапайым айтқанда енді қалған ғұмырыңзда халықтың ақ батасын алатын уақыт жетті сіздің айналаңыздағы журген шабанбоздарыңыздың сіз барган жердегі Нұрсұлтан Нұр отан деген айқай қолпаштаудың бәрі өтірік қойылым жалған неге керегі бар сол дипутатардың нақақ шығын мемілекетке коп нәрсе бар өзгертетін сол баягы көне гректердін ел басқару жүйесі қолданып келе жатырған ол система шаршады мына 21ғасырда әлемде бірінші болып ел басқару жүйесіне тың өзгерістер енгізу керек тубегейлі сол кезде біз емес әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіретін басқа елдер біздің қатарымызға кіруге асығады жаза берсе көп тың ойлар бірақ іске асыруға мүмкіндік жок .Жасдаурен Гумаров Атырау

  7. Елбасы, Көшбасшы деймісіндер? Ал шындығына келгенде осы бастаманы көтерген соның өзі, Қазақтың бар байлығын сатты, ал хатыны жетімін шетелге сатты, ал қыздары халқының арын сатты, барын сатты. Ендігі қалғаны қазағымның жері ғана, енді міне оныда сатып тынбақшы. Бұлай жалғаса берсе біздің сенген ашкөз Нұр ағамыз, қазақ халқын жоқ қылып беруі әбден мүмкін. Қазақ халқы көздерінді ашындар. Әрекет қылмасақ Қазақстан көрші елдің отарына айналар күн алыс емес.

  8. Быз карсымыз жер сатылмайды жалга да берілмейді Назарбаев халыкымен санасып отырган жок

  9. Өз жерін қорғаған халқына ризамын дейма? Сорлаған екен онда, қазақ халқы кімнен қорғаштап жатыр сол жерді? Жаудан емес, именно сол Назарбаевтың өзінен қорғап әлек болуда ғой. Ал ол болса ризамын дейді ғой мал. Риза болғанша жыласай, халқыңды қаңғыртып жіберіп, о дүние тозақтың отынан қорықсай ашкөз неме****

  10. Халқымызды осыншама алдау ға бола ма ? Елбасымыздың сөзі басқа, заңда бекітілген сөзі басқа. Қазағымның көзі ашық, өзі заңды оқитындай дәрежеде екенін түсінбей ма екен. “Приватизация” дейді, ол жекешелендіру деген сөз ! Жеріміз о бастан-ақ тек қана қазақ халықтың жекеменшігін де болса, оны басқа біреу, тіпті бір жеке қазақ қалайша, не үшін өз атына жекешелендіруі керек. Ол 30/50 бір үйдің салатын орны емес қой.

  11. Баршаныздын пікірлерінізді менде құптаймын сонымен қатар менде ел басын арине құрметтеймин жанеде құриетти ел басы бұл ел мен жер халықтын Алла насип еткен жери болгандыктан сизден биздін отінериміз тек Алла ризалыгы үшин десениз казактын жерин сатуға руқсат бермеуіңізді отінеміз Алла мангілік сізбенен біз мангі емес екенімізді умітпайық сізде мына қалық үшін адал қызымет етсеніз біздінде сізге Алланін алдында хаққымыз болмайды сиз Алланын алдында халық үшін суралатынынызды умытпаныз бəрімізде тек бір Алланын алдында бірдейміз жане құрметті мұсылман бауырлар Алла қалқымызга тыныштық пен елімізге шексіз ниғметин насіп етсін сізбен бізге Алла сабыр берсін елім мен отанын тек Аллага аманат кімде кім жерді сатса бүкіл қаліқтің хаққысына қалатынын умытпасын

    • Ел басымыз сонда калкын надан деп ойлайма. Шуу шыкарганнан не пайда жеримизди сатканымыз анамызды сактканмен тен.

    • Атыраулықтар өте үлтшыл намысшыл əр кез солар ең алымен қарсылық білдіред ар быр қазақ солардай болса жерімңзге ешкім көз алартпас еді.алматыда жалгыз адам ғана шықты кеибыр жерлерде мүлдем жок.жудірықтай жүмылаайык отандастар.отан үшін ел үшін ата мекен жер ушін бары бейбыт тыныш шешілед деп ойлайым.

    • Қытайларға күн бермеу керек құрту керек дұрыс қосылам сізге.түбін ойлау керек.егер қытайға күн бермесек бірдеңе қарсы ойластыруы мүмкін.қытайларға бізде дайын болуымыз керек сол қарсылығына.

  12. Кімнен қорғаштап жатыр екенбіз сол жерді, өз еліміздегі тоймас арамзалардан əрине. Басқаны сатқаны аздай, енді жерге көздерін тігіпті ғой онбағандар. Қара қытайды қаптатып алып, түбімізге жетпек пе?! Ана тілімізді онда тастады таптап, енді қала берсе жер- ана, не сұмдық бұл? Қазағымды құлдыққа сатпаса болғаны бір күні.

  13. Ата бабамыз бізге қалай қалдырды, біз соны солай болашаққа қалдыруымыз керек яғни жер ананы.Бұл біздің міндетіміз

  14. Осы жағдайға жеткізіп алып халқыма ризамын деп айтуға ұялмай ма екен. Аузы көпіріп өтірік мақтанып. Айналған 17 млн адамның (бір Москваның халқы) жағдайын жасай алмай отыр, бəрі жан-жақтан тонап. Халықтан жегенін молаға алып кететіндей. Депутаттардың бəрін құрту керек, қалталарын ойламаса, қарапайым халықтың жағдайын ойлап жатқан олар жоқ. Сол депутаттар сайлау алдында қырамын, жоямын дегенде керім ғо, қолдарынан боқ та келмейді. Сол сайлауға топтап болып барып жатқан халық та жоқ, сайлаудан бұрын өз өздерін сайлап қойған. Түк намыста, ар-ұятта жоқ.

Пікір қосу