Нұрсұлтан Назарбаев: Заңды белден басқандарды заңмен жазалау керек

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында президент Нұрсұлтан Назарбаев заңды белден басқандарды заңмен жазалау керектігін мәлім етті. Дереккөз: nur.kz

1
нұрсұлтан назарбаев

«Біз осында бірлік пен келісім туралы, барлығының тең екендігін айтып отырмыз. Бірақ біз мұнда айттық болды, ал ертең жергілікті жерлерде ұсақ мемлекеттік шенеунік ойларына келгенін істеп жатады, міне, осы қорқынышты». Біздің елде бұл мәселе нақты заңмен көрсетілген. Біздің өміріміздің кредосы сол. Біз бірліктің негізінде тұрған халықпыз. Біздің бірлік пен теңдік. Елде кез-келген бір адамның құқықтары тапталса, барша Қазақстанның құқығы тапталып жатыр деп есептеу қажет. Бұл енді қиын емес қой, барлық заңдар, Конституция осыны айтып отыр. Біреу өзін ерекшелегісі келеді кейде, ал несімен ерекшеленесің?! Ол үшін сені кім мақтайды?! Ерекшеленіп керек емес, заңды орындау қажет. Заңды белден басқандарды заңмен жазалау керек. Сондықтан осыны ұмытпайықшы, әсіресе барлық деңгейдегі – ауылдан бастап, республикалық атқарушы органдарға айтамын», – деді Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге қаратып айтқан сөзінде.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!