Нұрсұлтан Назарбаев жерді сату мен жалға беруге қатысты пікір білдірді

Қазақстан президенті еліміздің Бас прокуратурасында болып қайтып, азаматтарға өз құқықтарын, сондай-ақ елде қабылданып жатқан заңдарды, соның ішінде Жер кодексін дұрыс түсіндірудің маңыздылығын атап өтті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Дереккөз: Ақорда

5
Нұрсұлтан Назарбаев

“Кодексте жердің шетелдіктерге сатылатыны туралы ештеңе айтылмаған. Біздің міндет – жердің меншік иесі болып, оның дұрыс пайдаланылуы үшін Қазақстан азаматтарына жерді жекешелендіру мүмкіндігін беру. Жер қурай басып, иесіз жатпай, түсініксіз мақсатта пайдаланылмай, халықтың игілігіне айналуы керек”, – деді мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев жаңа норманы толық түсінбеу және бұрыс мазмұндау деректері бар екенін айтты.

“Бұл мәселе мемлекет қабылдап отырған заңдарды халыққа түсіндіруге міндетті үкімет пен жергілікті атқарушы билікке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қатысты”, – деді Қазақстан президенті.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы үлкен резонанс тудырған істер бойынша прокурорлар президенттің тиісті тапсырмасынан кейін ғана шара қабылдаған жағдайлар болғанына назар аударды.

“Заңды сақтаушылардың өздері өкілеттіктерін орындау жөнінен мінсіз болуы тиіс. Сонда сенім арта түседі, арыз-шағым азаяды, БАҚ-тағы материалдардың мазмұны да өзгереді. Бұл – күрделі міндет, бірақ оны шешпейінше, біздің барлық жоспарымыз үзіліп, стратегиялар мен қабылданып жатқан бағдарламаларға да қатер төнеді. Сондықтан мен сіздерді дұрыстап жұмыс істеуге шақырамын. Бес институционалдық реформа мен «100 қадамда» ол шаралардың бәрі нақты жазылған”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті көзделген реформалар арқасында құқық қорғау және сот жүйесі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі өз жұмысының тиімділігін арттыра түсетініне сенім білдірді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

5 пікір

  1. Шет ел азаматтарына жер сатып келешек ұрпақ басқа ұттарға тәуенде болып калмайды ма?

  2. Жерди еш бир адамға саптау керек қазақ азаматына 25 ж жалға бер.қазақ десе бир ұшы озимиз ге тиеді бирак қазақтарға да сатпау керек себебі сатып алган адам ештеме салмайды ештеме екпейди жалға берсен ақшасын өтеуге бирдене егеді. Ал шетелге жалға бермеу керек берсекте депутат 5 ж сайланама оларға да сондай 3-4-5 ж ға жалға беру керек одан артық шетелге жылға бермеу керек.

  3. Жер сатылса біз не боламыз((( Жерді сатсада қазақтарға сатсын немесе жалға берсін оларды өндіріп қазақтар ақша тапсын ! Қайдағы қытайларға сатпай, олардан 50млн қытай келсе бізден не қалады не бәрі өзіміз 20 млн ішінде тағы басқа ұлттар бар барлығы қазақ емес. ой қайдағы қытай деп шығады тағы жалға беміз дейді. Берді ғой мұнайды қытайға солда жетеді. Басында басқа компания алған аяғында сол баяғы қытай боп шықты. Қазақтар ұлтшылдықты ұятындар іштеріндегі! Қазіргі жастарға бәрі бір “алса ала берсін”- деп жатқан шығар үйлерінде, бірақ болашақта өзіміз содан зардап шегеміз! Бізден кейінгі ұрпақ не болады соны ойлайық ағайын!

    • мен
      КӨП ҚОРҚЫТАДЫ, тЕРЕҢ БАТЫРАДЫ,ҚАРА ХАЛЫҚТЫ АШЫНДЫРМАСЫН,жЕР САТЫЛМАСЫН!

Пікір қосу