Шымкент – субұрқағы көп қала

Шымкент - еліміздегі субұрқағы көп қала. Қазіргі таңда Шымшаһардың өзінде 23 субұрқақ бар. Қала аумағының ұлғаюына орай бұл «ауа тазартқыштардың» саны еселене түсетіні анық. Дереккөз: Шымкент

0
Шымкент - субұрқақ

Солардың ішінде бөгенайы бөлегі – қаланың қақ ортасында орналасқан «Қызғалдақ» субұрқағы.

 Шымкент - еліміздегі субұрқағы көп қала

Өне бойы шыныдан өрілген «Қызғалдақтың» салмағы 7 тонна. Биіктігі – 10 метр. Қауыз жарған күлтелер бөлігінің диаметрі 7 метрді құрайды.

 Шымкент - еліміздегі субұрқағы көп қала

«Қызғалдақ» су көмкерген бассейннің ортасында орналасқан.

Диаметрі 30 метрді құрайтын бұл бассейінді шіліңгір шілдеде балақайлар шомылу орнына айналдырады.

Тәуелсіздік саябағындағы әсем әуенге елітіп «билейтін» субұрқағы да Шымқаланың адам аяғы үзілмейтін демалыс орыны. Жаз айларында кешкісін құлақ құрышыңызды қандыратын музыка үні, түрлі шырақтармен шағылыса көкке ұмтылған су бұрқақтары бір күндік шаршауыңызды басатыны тағы бар.

 Шымкент - еліміздегі субұрқағы көп қала

Шымкентте жаңадан бой көтерген «Нұрсәт» мөлтек ауданында орналасқан субұрқақ.

 Шымкент - еліміздегі субұрқағы көп қала

Коммуналдық қызметшілер алдағы күндері ауа райының ыстық болатынын алға тартып, 23 субұрқақты қосуды жоспарлауда. Ал субұрқақтарды күтіп-ұстау жұмыстары «Жасыл қала» мекемесіне жүктелген.

Мамандар әрбір фонтанның қосылуынан бастап әрбір ұңғымасының таза болуын қадағалап отырады.

Сала мамандары алдағы уақытта халық көптеп демалатын саябақтардан бөлек аллеяларда субұрқақтардың саны артатынын айтып отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу