Қазақстан тарихы жетінші сыныптан бастап қазақ тілінде оқытылатын болды

БҒМ-нің мектепке дейінгі және орта білім беру, ақпарттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева, Қазақстан тарихын қазақ тілінде, ал дүниежүзі тарихын орыс тілінде оқу республика мектептеріне жетінші сыныптан бастап енгізілетінін айтты. Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

0
мектеп оқушылары
Көрнекі сурет

“Бұл жылы бастауыш бөлімде барлық пәндер білім алу тілінде жүргізіледі. Егер мектеп қазақ мектебі болса — қазақ тілінде, егер орыс болса — орыс тілінде, ұйғыр болса — ұйғыр тілінде”, — деді Жонтаева баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, негізгі мектеп бойынша кезеңмен өту жүзеге асырылады.

“Барлық пәндер білім алу тілінде өтеді. Біз жетінші сыныптан бастап білім алу тіліне қарамастан Қазақстан тарихын қазақ тілінде, ал дүниежүзі тарихын орыс тілінде өтуді ұсынып отырмыз”, — деді Жонтаева.

“Жоғарғы мектеп бойынша тоқталып кеткім келіп отыр. Бұл жерде ағылшын тілінде өтетін химия, физика биология, ақпараттық технологиялардан (информатика) басқа барлық пәндер білім алу тілінде оқыту ұсынылады”, – деді департамент директоры.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу