«Вконтакте» бағдарламашылар оқытатын тегін университет ашты

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінің әртүрлі осал тұсы бар екені белгілі. Дегенмен, желінің өзге де құрметке лайық еңбектері бар. Солардың бірі – VK University жобасы. Дереккөз: Massaget.kz

0

Жаңа жоба бағдарламалауды үйренгісі келетін кез келген еріктіге тегін сабақтар ұсынады. Дәрістер компанияның Санкт-Петербург (Ресей) қаласындағы кеңседе өтеді. Лекциялар мен арнайы сабақтарды әлеуметтік желінің қызметкерлері жүргізеді. Болашақта барлық дәрістер ғаламторға жарияланып, тегін қолдануға берілмек.

Орыс бағдарламашыларының жобасы жуырда iOS платформасында бағдарламалық қамту жасауды үйрететін 3 айлық курс бастайды. Білімгерлер «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің ішкі API құрылымымен таныса алады. Одан бөлек, мобильді қосымшаның дизайны, UX және С++, Swift сынды бағдарлама тілдерін игеру үдерісі жүргізіледі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, сабақтар 21 қарашада басталады. Бастау қарсаңында білімгерлерді іріктеу жүйесі іске қосылады. Еріктілер сол кезде ұсыныс жібере алады. Apple платформасында тәжірибесі бар бағдарламашылар саралаудан кезектен тыс өткізіледі.

VK University аптасына екі сағат дәріс оқытады. Бұл ақпараттық жүйеге қызығушылық танытқан азаматтарға орасан зор мүмкіндік болмақ. Жоба алдағы уақытта Android платформасына қатысты курстар да ашпақ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!