Головкиннің анасы: Ұлымның жекпе-жегі қуанышқа қарай тез аяқталды

Боксшы Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина "Қазақстан" арнасына сұхбат беріп, ұлының жеңісі үшін қатты қуанышты екенін мәлімдеді.

Дереккөз: Қазақстан арнасы
0
Геннадий Головкин Елизавета Головкина

Бұл туралы ол «Бүгін жексенбі» бағдарламасының тікелей эфирінде мәлім етті.

«Көп рахмет! Қазір құттықтаулар қабылдап үлгере алмай жатырмын. Ана ретінде мен ерекше қобалжимын. Ұлымның барлың жекпе-жегін жібермей қараймын. Қуанышқа қарай, бәрі бүгін тез аяқталды. Гена әлі маған хабарласа қойған жоқ. Ол кездесуден кейінгі барлық шаруасын бітірген соң, маған телефон соғады», — деген анасы.

Еске сала кетейік, бұл сұхбат таңғы уақытта алынған.

Қазақстандық Геннадий Головкин бүгін кәсіби бокстағы 35-ші жеңісіне қол жеткізді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу