Назарбаев туралы “Жұлдыздар осылай жанған еді” фильмінің трейлері шықты

Қазақстандық актрисалар Қарлығаш Мұхамеджанова мен Бибігүл Сүйіншәлина режиссер Сергей Снежкиннің «Жұлдыздар осылай жанған еді» фильмінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қыздары - Дариға мен Динараның бейнелерін сомдайды. Дереккөз: ҚазАқпарат

1

Фильмге қатысатындары туралы актриса Б. Сүйіншәлина өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті. Онда ол Қ. Мұхамеджанова екеуінің бірге түскен фотосуретін жариялай отырып: «Жұлдыздар осылай жанған еді» фильміне арналған киімдерді шақтап көру барысында Қарлығаш Мұхамеджанованы көрдім. Ол менің әпкем Дариғаны, ал мен Динараны ойнаймын. Айтпақшы, біз бұл жерде бетімізге макияж жасағанымыз жоқ», – деп жазған.

Айта кетелік, «Жұлдыздар осылай жанған еді» фильмі – ҚР Президентінің өмірі мен қызметіне арналған «Көшбасшы» киноэпопеясының заңды жалғасы.

Бесінші фильмге «Ақ гвардия», «Брежнев», «Қырмызы гүлдері» секілді филдьмдердің авторы, ресейлік режиссер Сергей Снежкин шақырылды.

Фильмде басты рөлді қазақстандық актер Берік Айтжанов сомдайды. Ол – «Махамбет», «Мұстафа Шоқай», «Ликвидатор» секілді фильмдерде ойнаған тәжірибелі актер.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Осылай жағымпаздануды қоймайды бұлар халыктын одан сайын ашуын тигизип жатсындар одан сайын

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!