Еліміздің балақайлары бейтаныс бойжеткеннің тәтті беретініне сеніп, онымен еріп кетті

Әлеуметтік тәжірибе ұйымдастырған Wolves clan атты топтың қатысушылары балалар қалай оп-оңай бейтаныс адамға алданып қалатынын көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Дереккөз: nur.kz
0

Аталмыш топтың Youtube парақшасында жүктелген видеода бойжеткен ата-аналардың рұқсатымен олардың баласын алдауға кіріседі. Тәттілер беремін деп өз көлігіне еріп баруды сұраған бойжеткенге балалардың дені келісімін береді.

Тәжірибе жасаушылар 2015 жылдың жартысында ғана 300-ден астам бала жоғалып кеткенін алға тартып, ушыққан мәселеге осылайша тұрғындардың назарын аудартпақ болған. Тәжірибе барысында кішкентай балалардан бастап, ес тоқтатқан жеткіншектерге дейін бойжеткеннің алдауына түскен. Олар тәттілер алатынына сеніп, тіпті бейтаныс бойжеткеннің қолынан ұстап тұрып, еріп кеткен.

Видеоны түсіргендер мұндай жағдай кез-келгеннің басынан өтуі мүмкін екенін ескертіп, балаларды өзгелерге ермеуге үйрету керектігін алға тартты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу