ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының тұрғыны Сәрсенбек Сартаев егін егіп, отбасын асырап отырған азамат. Ерекшелігі – ол ІІ-топтағы мүгедек. Тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отырған тұрғынның тіршілігімен NUR.KZ-тің аймақтағы тілшісі танысып қайтты.

0
Сәрсенбек Сартаев

Сәрсенбек Сартаевтың жасы 36-да. Бір ұл мен қызды тәрбиелеп отырған асқар тау әке.

ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

Екі шынтағынан бастап саусақтары өскен Сәрсенбек күнделікті жұмысын алдын ала жоспарлап қояды. Бес уақыт намаз оқитын ол Алла алдындағы құлшылығын орындап болған соң жұмысқа кіріседі. Отырарлық тұрғын «Ерте тұрған еркектің бір ырысы артық» дегенді басты қағидасына айналдырған.

ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

Таң атпас бұрын намаз оқып, күнделікті күйбең тіршілікке кірісетін ол тек өз отбасының емес, аудандағы күллі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қамын ойлайды. Себебі ол – аудандық мүгедектер қоғамдық ұйымының төрағасы. Айтуынша, бұл жұмысына аптасына 3-4 рет көңіл бөледі. Яғни, бекітілген кестеге сай ұйымның жұмысымен айналысады. Өзі секілді мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесін шешуді көздейді әрі олардың құқықтарын қорғайды.

ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

Ал басты кәсібі – егін шаруашылығы. Қазіргі таңда 4 гектарға жуық жерге жоңышқа еккен. Өзінен бөлек көмекшілерін қолға алған ол табысы мол боларына сенімді. Бұған дейін Сәрсенбек арнайы бағдарлама бойынша несие алған. Сөйтіп тауық өсіру кәсібін игерген. Оның бәрі жергілікті биліктің арқасында дейді ол.

ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

Үйде отағасына тән жұмыстың бәрін өз мойнына алған Сәрсенбек, тіпті малын күтіп-баптаудың өзін қиынсынбайды.

ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

Үлкен ұлы мектепке бірінші сыныпқа барады. Кішісі Құдайберген әрдайым әкесінің қасынан табылады. Кейде көмекшісі де болады. Асқар тау әкесінен бір елі қалмайды.

Сәрсенбек осыдан бірнеше жыл бұрын арнайы бағдарлама бойынша несие алып, тауық өсіру кәсібін қолға алған. Бірақ, бұл бизнесінің ғұмыры ұзаққа созылмады. Кәсіпкердің сөзіне сенсек, тауық өсіру ерекше күтімді қажет етеді. «Оның үстіне елдің көзі деген бар» деген ол егін шаруашылығын қолға алған.

ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

Ерекше атап өтерлігі, отырарлық тұрғын мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан, 2002 жылдан бері көлік жүргізіп келеді. Темір тұлпарды меңгеру ол үшін еш қиындық туғызбаған. Бұдан өзге кейіпкеріміз футболмен әуестенеді. Дос-жарандарымен алаңда доп тебу ол үшін дәстүрге айналған.

ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

Отбасында 9 бала тәрбиеленсе, Сәрсенбек 8-шісі. Қара шаңырақтың иесі атанған кейіпкеріміз ендігі жерде мүмкіндігі шектеулі жандардың ұйымы мемлекеттік сатып алуға қатысып, өзгелер секілді елге қызмет етсе дегенді арман санайды.

ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

Бастысы, ол бүгінгі күніне шүкіршілік етеді. Оның бауырлары өмірге дені сау болып келген.

ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

«Аллаға шүкір, емдеу жағын қарастырмадым. Егер ойласам, қазіргі күніме жете алмай қалатын сияқтымын. Мемлекет қарайласып жатыр. Ай сайын 37 мың теңге көлемінде жәрдемақы төлеп отырады» деп сөзін аяқтады кәсіпкерлікті бастарда еш қаймықпаған  Серсенбек Сартаев.

ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

Ақпарат ретінде айта кетейік, жыл басынан бері Отырар аудандық әкімдігінің қолдауымен ауданда 10 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасса, екі адам өз кәсібін дөңгелеткен.

ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)
ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)
ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)
ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)
ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)
ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)
ОҚО тұрғыны тағдырдың жазғанына мойымай, ел қатарлы өз кәсібін дөңгелетіп отыр (фото)

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!