ОҚО-дағы қайғылы жағдай: Қаза болар алдында әйел қыз баланы жылытуға тырысқан

21 сәуір күні Оңтүстік Қазақстанда тауға серуендеп кетіп, 4 күннен бері іздестіріліп жатқан әйел мен бүлдіршін қыздың мәйіті табылды. Әйел қайтыс болар алдында балақайды жылытуға тырысқан деп хабарлайды КТК арнасы. Дереккөз: nur.kz

1
Инабат Іңкәрбек пен апасы Әшіргүл Баймұратова

Құтқарушылар 56 жастағы Әшіркүл Баймұратова мен 7 жасар Инабат Іңкәрбектің мәйітін Дәубаба ауылынан 10 шақырым жердегі Қарақуыс шатқалынан тапқан. 7 жасар Инабат әйелдің қасында отырған күйінде қайтыс болған. Әйел қайтыс болар алдында балақайды жылытуға тырысқан болуы керек: Ол қызды өз шарфымен орап, тіпті өз шұлығын да шешіп оған кигізген. Алайда бұл көмектесе қоймады: қыз бала суықтан қатып қалған деп болжануда.

Жексенбі күні Шымкенттен келген әйел қасына кішкентай сіңлісін ертіп, тауға серуендеп кеткен екен. Сөйтіп, ауылдан ұзай бере жаңбыр жауып, қалың тұман түсіпті. Сондықтан екеуі адасып кетуі мүмкін. Оларды өздері іздеп таппаған ауылдастары полицейлер мен құтқарушыларға хабар берген болатын.

3 күн бойы тау-тасты тінтіген 400 маманға 21 сәуірде ғана Ұлттық гвардия сарбаздары көмекке келді. Алайда, жоғалғандардың мәйіті табылып отыр. Ал тергеу жүргізіп жатқан шұғыл топ марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ОҚО-да жоғалған оқушы қыз бен апасының денелері табылғандығы туралы хабарлаған едік.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу