Дәрігерлер гаджет сәулелерінен қорғану үшін түнгі фильтр қолдануды ұсынды

Ұлыбританиялық дәрігерлер сәулеленуден қорғану үшін түнгі фильтр қолдануды ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Дереккөз: Tengrinews.kz

0

Балалар түсінің физиологиясы жөніндегі маман Пол Гринграстың айтуынша, смартфон, планшет, электронды кітаптар мен басқа да гаджеттерден болатын сәулелену адам түсінің бұзылуына алып келеді. Құрылғы шығаратын сәуленің көк-жасыл бөлігі мелатонинге – адамға ұйықтауға көмектесетін гормонға кері әсер етеді. Яғни, экран неғұрлым жарық болған сайын, адамның ұйқыға кетуі соғұрлым қиын.

“Жатар алдында гаджет қолданған адамның ұйықтауына көп уақыт кететіні анықталды. Әрине, гаджеттер адам өміріне пайдалы, дегенмен арнайы қорғаныш қолданған жөн”, – деді профессор Гринграс. Ол құрылғыларға түнгі фильтр қолдануды ұсынды. Сонымен қатар, фильтрді дисплейді басқара алатын бағдарлама арқылы орнатуға болатыны айтылды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу