Мырзағали Айтжанов Головкиннің қай раундта жеңетінін айтты

Бокстан Қазқастан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Геннадий Головкиннің Доминик Уэйдпен болатын жекпе-жекте 7-8 раундта жеңетінін айтты.

Дереккөз: Егемен
0
Мырзағали Айтжанов

«Головкин Уэйдті 7-8 раундта жеңеді. 12 раундтқа дейін жекпе-жек болмайды. Уэйд – ортаңқол боксшы. Оған Головкинге жетуге әлі біраз жұмыс істеу керек. Ал Головкин тәжірибелі боксшы. Ол бокстың ыстық-суығынан өткен. Геннадий Альваресті жекпе-жекке шақырды деп естідім. Қазір ол Котто, басқа да боксшылар сияқты отандасымыздан қашып жүр. Шақыртуларына жауап бермейді», — дейді ол.

Сондай-ақ, Мырзағали Айтжанов ұлттық құрама команданың мүшесі 75 килоға дейінгі салмақта бокстасатын Жәнібек Әлімханұлы мен Геннадий Головкиннің шаршы алаңдағы айқастары бір-біріне ұқсас екенін айтты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу