Ауғанстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын жаудырды

Ауғанстан Ислам Республикасының бұрынғы президентi Хамид Карзай ХIII Еуразия медиа форумында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ауған студенттеріне Қазақстанда бiлiм алуға мүмкiндiк бергенi үшiн алғыс айтты. Дереккөз: Егемен

0
Хамид Карзай

Ол елбасының ауған студенттеріне 1 мыңға жуық стипендия  бөлгенінің арқасында Ауғанстан жастары Қазақстанда бiлiм алып жатқанын, осының өзі өз азаматтарына білім беру мүмкіндігінен айрылған ауған халқы үшін үлкен қолдаудың болғанын айтты.

Қазіргі кезде ауған жастары көбіне Алматыдағы оқу орындарында медицина саласы бойынша білім нәрімен сусындап жатыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу