Кәрім Мәсімов ұлттық мұражайға 88 кілемді сыйға тартқан

Премьер-министр Кәрім Мәсімов ұлттық мұражайға өз коллекциясындағы 88 кілемді сыйға тартқан. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді деп жазады skifnews.kz. Дереккөз: SkifNews.kz

0
Кәрім Мәсімов

Министрдің айтуынша, елдегі меценаттар мәдениет саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді екен. Олардың қатарында аса жоғары шенді шенеуніктер де бар.

“Иә, бізде жеке тұлғалардың қаржыландыруымен жүзеге асып жатқан жобалар бар. Ұлттық мұражайда осы азаматтардың есебінен алынған бірнеше экспозиция тұр. Мәселен, өз коллекциясынан мұражайға бірнеше экспонат берген Нұрлан Смағұловты ерекше атап өте аламын. Сондай-ақ, Кәрім Қажымқанұлы да 88 кілем сыйға тартқан. Кілемдерден бөлек өзге де құнды жәдігерлер бар. Иманғали Тасмағамбетов те өз қорынан бірнеше экспонат сыйлады”, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы сенат депутаттарының алдында жасаған мәлімдемесінде.

Министрдің айтуынша, елде биліктегілердің мүлдем назарынан тыс қалып кеткен мәдени нысандар да көп екен. Яғни, оларды ұстап тұруға бюджеттен қаржы қаралмаған. Ал, бұл проблеманы шешу үшін Мұхамедиұлы депутаттарға үміт артатынын жеткізді.

Ал, Мәсімовтің 88 кілемді қалай жинап жүргені депутаттардың ешқайсысын қызықтырған жоқ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу