Білім және ғылым министрінің көмекшісі болып Эльмира Суханбердиева тағайындалды

Бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұжымға жаңа вице-министр Эльмира Суханбердиеваны таныстырды деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

2
Эльмира Суханбердиева

Эльмира  Суханбердиева осыған дейін Астана қалалық білім басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын.

Атырау облысының Гурьев қаласында 1971 жылы 26 қазанда туған.

1989 жылы Ақтау қаласының № 16 мектебін аяқтады.

1994 ж. — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Тарих және құқық» факультеті.

2002 ж. — «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша Халықаралық Еңбек академиясы.

2009 ж. — Халықаралық Бизнес академиясы: іскер әкімшілік магистрі,

ЖАМ ғылыми атағы бар.

2010 ж. — Астана қаласы № 60 мектеп-лицейінің директоры.

2012 ж. — Астана қаласының Қалалық мәслихатының 5-шақырылым Депутаты.

2014 ж. — Астана қаласы Білім басқармасының басшысы.

«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» жоғары мәртебесіне ие болған.  Астана және Алматы қалалары әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

2 пікір

  1. Саламатсызба. Оз участогине баланы 3 сыныпка алмай отыр толык деп ол дурыс па?

Пікір қосу