Дохада өткен мұнай өндіруші елдер жиыны Қазақстан үшін сәтсіз аяқталды

17 сəуір күні Катар астанасы Дохада өткен мұнай өндіруші елдер кездесуі Қазақстан күткен нəтижені берген жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында Рашид Жақсылықов мəлімдеді. Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Дереккөз: Алматы арнасы
0
мұнай
Көрнекі сурет

Оның айтуынша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнайсервистік қызмет көлемі 25 пайызға қысқарды, бұл мұнай бағасы 51 долларға бағаланған кезең.

«Қазақстанның мұнай өндірісін қысқарту жөнінде позициясы белгілі. 2014 жылы біз бір жылда 80 млн тонна мұнай өткізіп едік, биыл 6 миллионға қысқартып, 74 млн тонна өткіземіз деп межелеп отырмыз. 74 млн тонна дегеніміз — бір баррель мұнайдың бағасы 35 доллар кезінде 1,5 млрд теңге қыруар ақша деп ойлаймын. Онсыз да мұнайды аз өндіру жұмысын атқарып жатырмыз деп есептейміз» — деген Жақсылықов өндірілетін мұнай көлемін бұдан әрі төмендетуге келіспеу керек шығар деп, сөзін топшылады.

«Дохада өткен кездесу біз күткен нəтижені берген жоқ. Себебі Иран мемлекеті мұнайдың өндірісін азайтуға келісімін берген жоқ. Жыл басын күніне 500 мың баррельмен бастап еді, екі-үш айдың ішінде мұнай өндірісін күніне 1,5 млн баррельге жеткізді. Жыл соңына дейін 4 млн баррельге жеткіземіз деп отыр»,- деді Қазақстанның мұнайсервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу