Өзбекстан “Орта Азияның лидері” атағын Қазақстаннан тартып алуы мүмкін

Азия даму банкінің сарапшылары жасаған қорытындыға сүйенсек, 2035 жылы Орта Азиядағы көшбасшы – Өзбекстан болуы мүмкін. Оның лидер болуға барлық мүмкіндігі бар, әлеуеті жетіп тұр деп жазады Корреспондент басылымы. Дереккөз: Korrespondent

0
Өзбекстан

Әрине, Өзбекстан экономикасы әлемде 73-орында. 2015 жылғы ішкі жалпы өнімі 75,2 млрд долларды құрады. Алайда, көршіміздің ең құнды ресурсы – оның халқы. Мұнда 31 млн адам тұрады. Өзбекстан болжамдау және макроэкономикалық зерттеулер институтының болжамынша, 2031 жылы халық саны 37 миллионнан асатын болады.

Өмір сапасын ақшамен ғана өлшеу мүмкін емес. Дегенмен, ел халқының бақыттылығына қарай бағамдап көру артық емес. World happiness report 2016 баяндамасына сәйкес, Өзбекстан – ТМД-дағы ең бақытты ел. Бақыт жөнінде Өзбекстан әлем бойынша – 49, ал Қазақстан – 54 орында.

Сондай-ақ, Өзбекстан – ТМД-ға гастербайтерлер жіберу жөнінен алғашқы орында. Бір қызығы, сол гастербайтерлердің көпшілігі – дайын мамандар. Өйткені, олар Кеңес заманынан қалған кәсіби училищелерді жапқан жоқ. Балалар мектепте 9 жыл, сосын осындай кәсіби оқу орындарында 3 жыл оқып, дайын маман болып шығады.

Сонымен бірге, Өзбекстанның кәсіптік базасы жақсы дамыған. Мұнда кезінде ұшақ, трактор, резина, электроника, тұрмыстық техника шығаратын зауыттар жұмыс істеп тұрды. Ел мұнай, газ, көмір, уран, металл өндіреді. Ел экономикасының негізі – ауыл шаруашылығы. Мемлекет халқының жартысы ауылда тұрады. Ауыл шаруашылығының ІЖӨ-дегі үлесі – 18 %. Мемлекет өзіне керектінің бәрін өзі өндіреді. Біраз бөлігін экспортқа шығарады.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тек мақта өсіретін ел болудан бас тартты. Өзбекстандағы жалғыз проблема – нан жетіспеушілігі. Өз бидайымен елдің тек ширегін ғана қамти алады. Сапасы да онша емес. Сондықтан Ташкент Қазақстан мен Ресейден бидай сатып алуға мәжбүр.

Өзбектер автомобиль шығарудан да озық тұр. Корейлік «Дэу» компаниясының зауыты Өзбекстандағы Асака қаласында орналасқан. Көлік детальдарының 60 пайызы елдің өзінде шығарылады. Бізде ол көрсеткіш 30 пайызды құрайды. Девальвациядан кейін Қазақстанда жиналатын көліктер саудасы тығырыққа тірелгенін еске саламыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!