Қазақстандықтар мамыр айында 12 күн демалатын болады

Осы жылдың мамыр айында қазақстандықтар 12 күн демалады. Тұрғындарды 9 қалыпты демалыс күнінен (сенбі, жексенбі) бөлек, 3 мерекелік күндер күтіп тұр. Дереккөз: nur.kz

6
демалыс

Мерекелік күндерге Қазақстан халқының бірлігі, Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні жатады.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, осы жылы жексенбі күніне түсіп тұрғандықтан, мерекеге орай демалыс дүйсенбі 2 мамырға ауыстырылады.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, сенбіге түсіп тұр, сондықтан келесі жұмыс күні (10 мамыр сейсенбі) демалыс болмақ.

9 мамыр – Жеңіс күні дүйсенбіге түсіп тұр, соның арқасында қазақстандықтар 7 мамырдан бастап 10 мамырды қоса алғанда үзіліссіз 4 күн бойы демалады.

Сөйтіп, мамыр айында барлығы 12 демалыс күні бар. Атап айтқанда: 1, 2, 7, 8, 9, 10, 14, 15, 21, 22, 28 және 29 мамыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

6 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!