Айсұлтан Назарбаев Қазақстандық футболды құтқару жолын айтты

Қазақстан президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев қазақстандық футболды дамытудың жаңа концепциясын әзірлегенін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында мәлімдеген.

Дереккөз: nur.kz
0
Айсұлтан Назарбаев

«Достар, сендерге айтар жақсы жаңалығым бар — қазақстандық футболды дамытудың үздік жолын табуды мақсат еткен болатынмын, ал бүгінде біз негізгі жұмысты аяқтадық. Менің ниетімнің барынша салмақты екеніне сенім артқандарға алғыс білдіремін. Сіздерсіз бұл қадамымның мәні болмас еді», — деп сөзін бастаған Айсұлтан, одан әрі өз жоспарларымен бөлісті.

«Жақын арада өз ойымды ортаға саламын: қайда және қалай жылжуымыз керектігін, дамуымызға не кедергі екенін және қаражатты қайдан алуға болатынын айтамын. Өзім жұмысыма ризамын және қуана өз концепцияммен бөлісетін боламын. Бұл бірнеше томдаған түсініксіз ақпарат емес… Мен футбол үдерісінің барлық күрделенген тұстарын жеңілдетіп, түсінікті еттім. Біздің футболдағы қысқы ұйқыдан оянатын кез келді деп ойлаймын», — дейді Айсұлтан Назарбаев.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу