Ең көп автокөлік Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелді

2016 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда 106 570 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,6 пайызға кем деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
автокөліктер

Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, елімізде 2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жеңіл автокөліктердің барлық саны 5 755,2 мың бірлікті құрады. Соның ішінде тіркеуден шығарылғандар саны — 1 899,6 мың бірлік, тіркелгендер — 3 855,6 мың бірлік болып отыр.

Келтірілген ақпаратқа қарағанда, 2016 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан бойынша 106 570 жеңіл автокөлік тіркелген. Оның ішінде жеке тұлғаларға тіркелгені 102 156, ал заңды тұлғалармен — 4 414 бірлікті құрады.

Сонымен қатар, есепті кезеңде республика бойынша ең көп автокөлік тіркелген Оңтүстік Қазақстан облысы — 16 427 бірлік, одан кейінгі орында Алматы қаласы — 15 196 бірлік және Алматы облысы — 12 631 бірлікті құрап отыр. Осы кезеңде Астана қаласында тіркелген автокөлік саны 8 452 бірлікті құрады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу