Нью-Йорк қаласы қазақ қызының көзімен (Фото)

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «Болашақ» бағдарламасымен біліп алып жатқан қазақстандық студент Айсұлу Қарпықова өweproject.kz сайтына өзі білім алып жатқан қаладағы тыныс-тіршілікті таныстырыпты деп хабарлайды БАҚ.кз

Дереккөз: БАҚ
6
Айсұлу Қарпықова

Нью-Йорк туралы

Мен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрамын. Бұл жаққа «Болашақ» бағдарламасына оқуға келгенмін. Алғашқы 1,5 жыл Чикагода тіл курсын оқыдым. Кейіннен Колумбия университетіне оқуға түстім. Ол жерде «қолданбалы математика» мамандығы бойынша білім жатырмын. Осы жылдың мамыр айында оқуымды бітіремін.

Қазіргі кезде Pree Line старт-ап компаниясында тағылымдамадан өтіп жүрмін. Бұл платформа сән индустриясының алаңы болып табылады. Мен бұл жерде сарапшы болып жұмыс істеймін.

Pree Line старт-ап компаниясы

Біздің университеттің кампусы Вест Сайдтың жоғары жағында орналасқан. Оқу өте қарқынды, бірақ қызықты. Үйге көп тапсырма береді. Кейде тіпті тамақ ішуге уақыт бола бермейді. Маған университеттің студенттерге арналған көптеген шаралар ұйымдастырып, уақыттарын қызықты өткізуге тырысатындары ұнайды. Барлық студенттер тегін кофе-брейк береді. Караоке ұйымдастырады. Ал соңғы емтиханға дейін бір апта бойы кітапханада түнгі 12-де оркестр келіп, студенттердің алдында өнер көрсетеді. Келесі күні барлық студенттер кампус аймағына барып, күрес ұйымдастырады. Бұл дәстүрге айналдырған.

Математикадан беретін профессорларымның бірі маған фильм түсіруге көмектесті. Ол кино «Игры разума»деп аталады. Фильмде жазылғанның барлығы соған арналаған. Кадрде тіпті оның қолтаңбасын көрдім. Оның сабақ берудегі тәсілі өте қызықты. Студенттерге сабақты түсіндіргенде кітаптағы оқып бермей, басқаша айтуға тырысады. Кейде мен оны опера немесе балетке шақырамын. Бірақ ол әрқашан бас тартады. Өйткені ешқашан бұл өнерді түсінген емес. Опера немесе балетте отыру ол үшін қызықсыз. Ол айтады: «Міне, өз тақтама қарап тұрмын. Мен үшін теореманы дәлелдеп шығу – нағыз сұлулық, нағыз өнер» дейді. Мұндай адамдар пайдалы нәрсеге қол жеткізуге ұмтылады.

Жыл сайын екі рет көшбасшылар форумы өтеді. Оған әрбір елдің президенттері келеді. Форумға қатысу үшін тіркелу қажет. Әлем елдерінің басшыларын бетпе-бет көріп, тіпті сұрақ қоюуға мүмкіндік болады.

Қазақ қызы Америка

Мен Қазақстаннан келген қыздармен бірге пәтер жалдап тұрамын. Барлығымыз бір университетте оқимыз. Емтихан кезінде бір апта бойы оларды көрмей қалатын сәттер болады. Ал емтиханды ойдағыдай тапсырған соң, екі-үш сағат отырып, шай ішіп, әңгімелесеміз.

Нью-Йоркқа алғаш келген кезде көргенімнен көп нәрсе күткен болатынмын. Теледидардан көргенмен, өзің барып көрген мүлдем басқа.

Нью-Йоркта әр түрлі музейлердің болғанына ризамын

Біздің университеттің студенттеріне барлық музейге бару тегін. Ең үлкен музей – Метрополитен. Ол жерде әр түрлі көрмелер өтіп тұрады. Сондай-ақ қазіргі заманғы өнер музейі бар. Осы музейдің арқасында Пабло Пикассо танымал болған. Себебі аталған музей оның «Авиньонские девицы» атты картинасын сатып алып, өздеріне қойған. Соның арқасында Пабло әлемге танымал болды.

Нью-Йоркта әр түрлі музей

Бұл қаладан кімді қаласаң соны көруге болады. Менің ағам Лан Дель Рейді көріпті. Біз бір рет университетте кездесу ұйымдастырғанда Билл Клинтон келіп қатысты. Сондай-ақ Барак Обама келіп, сөз сөйлеген болатын.

Нью-Йоркқа келген адамдардың көбісі қала кір, тыныш емес деп шағымданып жатады. Өйткені, қалада 8,5 миллион адам тұрады. Уақыт өте келе Нью-Йоркқа тез бейімделіп кетесің. Сосын жақсы көре бастайсың. Метро лас болғанымен, өте тиімді. А нүктесінен Б нүктесіне жетуге өте тиімді логистика.

Тамақтары жайлы

Мен жергілікті мейрамханаларды өте жақсы көремін. Бұл жақта дәмді эфиопия, Корея тағамдары бар. Шыны керек, қазақ асханасын көрген жоқпын. Алайда өзбек асханасы бар. Біз тамақ жағынан аса қиналмаймыз. Өйткені, көбінесе тамақты үйде дайындаймыз.

Мейрамханаларда үстелдер бір-біріне жақын орналасқан. Сондықтан қасында отырғандардың әңгімесі естіліп тұрады.

Нью-Йорк тамақтары

Ең дәмді мейрамхана төменгі Манхэттенде орналасқан. Италияндық La Lanterna ди Витторио мейрамханасы бар. Ол жерде дәмді лазанью, карпачо пісіреді. Мен наубайхананы жақсы көремін. Әсіресе Dominique Ansel Bakery наубайханасын айтуға болады. Олар пончик-круассанды ойлап тапқан. Ал дәмді бельгиялық вафлиді Le Pain Quotidien желілік кафесінен жедім.

Мұнда адамдар бранчты жақсы көреді. Бранч – бұл таңғы және түскі ас аралығында болады. Оны тек сенбі және жексенбі күні ғана сатады.

Америкалықтардың көбісі жылқы етін пайдалануға қарсы. Ал кейбірі жылқы етінің дәмін татқысы келеді. Менің бір құрбым бар. Ол француз жігітіне тұрмысқа шықты. Ал оған жылқы етінен тағайындалатын тағамдар ұнайды.

Бір қызығы, ол түскі ас кезінде тамақты аз ішеді. Ал кешкі ас кезінде керсінше көп жейді.

Адамдары жайлы

Нью-Йорк қаласындағы ең таңғажайып орын – Central Park. Барлық адамдар сонда барып демалады, жүгіреді. Адамдардың көбісі спортпен айналысады. Тіпті жүгіріп жүргендердің арасынанан аяғы ауыр келіншектерді көруге болады.

Нью-Йорк адамдары

Көбісі «органикалық» деген сөзге тәуелді. Адамдардың көбісі тамақты химиялық ГМО (генетикалық модификацияланған организмдер) қоспасыз жеуге тырысады. Бірақ мұндай тағамдар өте қымбат тұрады.

Нью-Йорк тұрғындары өте мейірімді. Оңтүстік жағында халық тіпті мейірімді болып келеді дегенді естідім. Бәлкім олар өздерінің шынайы мінез-құлықтарын көрсетпейтін шығар. Алайда олар ешқашан біреудің арын қорлайтын сөздер айтпайды.

Бұл қала әлемдегі сән орталығы болып саналады. Бірақ адамдардың көпшілігі қарапайым киінгенді жақсы көреді. Мысалы, мен университетте Қазақстанда қарапайым саналатын киімді киемін. Соның өзі оларға басқаша көрінеді. Себебі, бір топта оқитын студенттер қандай мерекелік шараға бара жатсың деп сұрай бастайды.

Нью-Йорк тұрғындары

Мен бірде қазақстандық дизайнер Catreen Design-нің өнімдерін алып келдім. Ол киімдерді киізден тігеді. Ол киімдерді көшеге киіп шыққанда, барлығы қайдан сатып алуға болады деп сұрап жатады.

Менің Қазақстанға барып келген бір досым бар. Ол Алматыны жақсы көріп қалған. Нью-Йоркке келгенде адамдардың қарапайым, көңілді екенін айтты. Сондай-ақ тағы афроамерикандықты таниын. Ол КИМЭП-ке бір бағдарлама бойынша келіп оқыған.Бұл жігіт тіпті Алматыда мен болмаған жерлерге барыпты. Біздің елге өте риза болып келді.

ҚазАзльянс Америка

Мен студенттік ұйым ҚазАзльянстың мүшесімін. Біз Америкадағы Қазақстан консулдығында әр түрлі шаралар өткізіп тұрамын. Былтырғы жылы наурыз мейрамын атап өтті. Оған 300 адам келіп қатысты. Олардың арасында елшілер, консулдар және т.б адамдар болды. Биыл тағы тойлауды жоспарлап отырмыз. Оған Қазақстаннан Қыдырәлі, Қарақат және «Ұлытау» тобын шақырдық. Бұл концертті қазақ диаспорасы мен консулдығы ұйымдастырады.

Нью-Йоркте өмір тез қарқынды. Сондықтан уақытты тиімді пайдалануды үйренуді талап етеді.

Нью-Йорк қаласы Айсұлу Қарпықова

Оқуымды бітірген соң, Қазақстанға келіп жұмыс істейтін боламын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

6 пікір

  1. Айсұлу сенің мақалаңды оқып отырып, Болашақ бағдараламасымен оқу кетіп қалғын келеді екен. Əттен қолдан келмейді ол жаққа бару.

Пікір қосу