Қазақстанда жасалған отандық көліктер өтпей жатыр

Отандық машина құрастырушы компаниялар тақырға отыруы мүмкін. Өйткені, елімізде автокөліктерге сұраныс азайып, зауыттарда жиналатын машиналардың санын 92 пайызға дейін қысқартуға тура келген деп хабарлайды КТК арнасы. Дереккөз: КТК арнасы

7
Қазақстанда жасалған көлік

Мәселен, жарты жылда тек 7 мыңға жуық жеңіл автокөлік сатылыпты. Бұл былтырғымен салыстырғанда 59 пайызға кем. Сұраныстың еселеп азаюы кәсіпкерлерді тығырыққа тіреп отыр.

Сондықтан отандық зауыттар өнімді азайтып, құрастырылатын автомобильдердің санын қысқартудан басқа амалы қалмаған. Өйткені, су жаңа «темір тұлпарлар» өтпей жатыр.

Мұндай келеңсіздікке дағдарыс пен теңгенің құнсыздануы себеп дейді сарапшылар. Оның үстіне автонарықты қолдауға бюджеттен миллиардттар бөлінгенімен, саланың алға басатын түрі жоқ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

7 пікір

  1. Бағасын түсіріңдер,əкелеріңнің құнын сұрамай,жұмыссыз жүрген қайран қазақ қалай алсын

  2. Айналайындар ау багасы оте кымбатко екинин биринин калтасы котере бермейдиго багасын тусирегу болмайма?

  3. Рас,жогарадагылармен келисемин….багасын томендетип,сапасына ман берсе екен деймиз…

  4. Әлемдік авторынкта өз орнымыз алу үшін, жаңа идеямен кіру керек. Әйтпесе, басқаның бәрі бос далбаса, өйткені әлемдік брендтермен бәсекеге түк те түсе алмаймыз. Сондықтан жаңалық керек болмаса бұл саланы қою керек, өйткені бұдан елге де халыққа да оңай болып отырған жоқ.

  5. Көп асаймын деп боқ асапты деген сөз бар халықтың тұрмыс жағдайына қарап отырған ешкім жоқ жалақысы төмен қазақа қалайша тиімді болады, өз елінде өз көлігін алмақ түгілі тұрмыс жағдайын зорға көтеріп жүр. Түсірсін бағасын халыққа қолайлы қылып сонда өркендейміз, өздерінеде тиімді халыққа да тиімді айналымда болады, елімізде басқа ел қатарлы ҚАЗАҚ өз көлігін мініп жүрсе ешкімнен кем болмас еді әрі ескіденде құтылып барлық мәселе шешілер еді теңгенің құны, ауаның тазасы, еліміздің көркі. Амалы таусылған ҚАЗАҚ шамасы жеткенше көлік мінгісі келгенсоң ұрынады қайта қайта ескіге енді алам деп жүргенде және көтередау бағасын қайдан алады содан кейін енді келіп өтпей жатыр деп зарлайды, кереметтей сапалыда емесқо шет елмен теңесем деп жоғарлатады құнын, өзін өзі тонап сырт жаққа жылтыраудың қажеті не сырты бүтін іші түтін болып жатқанда.

Пікір қосу