Сон Паскаль қазаққа күйеу бала болмақ

Танымал итальяндық әнші Сон Паскаль қазақ тілінде жаңа әндер топтастырылған YURT атты жаңа әнжинағын шығарды. Дереккөз: БАҚ

2
Сон Паскаль қазақтың күйеу баласы болуға дайындалып жүр

Оған 4 қазақтың халық әні, Нұрлан Шәуірбековпен бірге жазған әншінің 3 жеке әні және ағылшын тілінде 1 авторлық әні топтастырылған. Әндердің басым көпшілігі қазақ тілінде жазылған және олардың бәрі itunes, spotify, deezer онлайн-қызметтерінде қолжетімді.

Осылайша, Сон Паскаль бірмаша үзілістен кейін жаңа әнжинағымен қазақ сахнасына қайта оралмақшы.

Оның уақытша үзіліс жасауына байланысты бірқатар БАҚ «әнші Қазақстаннан біржола кетіп, енді мұнда өнер көрсетпейді» деп жарыса жазған еді.

Бірақ әншінің өзі бұл қауесетті жоққа шығарып, өнерден бөлек оны Қазақстанмен байланыстыратын тағы да бір себептің барын айтты.

«Мен итальяндық болсам да, жаным қазақ. Оған қоса мен өз махаббатымды осы қазақ жерінде жолықтырдым, енді «күйеу бала» болуға дайындалып жүрмін», – деді әнші.
Осы жазда итальяндық әнші өзінің жаңадан құрылған тобымен республика бойынша гастрольге шығып, тыңдармандарын жанды дауыспен орындаудағы жаңа әрі хитке айналған әндерімен қуантпақшы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

2 пікір

  1. Осы Паскаль бәле құтырды. Енді қазақтың қызына үйленемін деп өзіне пиар жасап жатыр ма? Қолыма түссе жақсылап тұрып сазайын беретін едім. Өзін ұялмай Адаймын деп таныстырып жүр.

  2. Үйленетін қызы қазақ дегеніне күмəнім бар егер шынн қазақ болса өзге ұлтта несі бар.Шала қазақ болар

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!