Таеквондошы қазақ қызы Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді

Манилада (Филиппин) таеквондодан өтіп жатқан Азиялық лицензиялық турнирде қызылордалық Айнұр Есбергенова финалға шығып, бірден Олимпиада ойындарына жолдама алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Айнұр Есбергенова

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. №1 олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшының жаттықтырушысы — Николай Курноскин.

Енді Айнұр финалда Тайпей спортшысымен 1-орынға бағын сынайды. Айта кетейік, Айнұр — Сыр өңірінен Олимпиада ойындарына 5-ші жолдама алған спортшы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу