Теміржол көлігімен жол жүру құны қымбаттайды

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі хабарламасы негізінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ шығын көлемін азайту мақсатында, сондай-ақ пайдалану құнының өсуіне байланысты теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифі 2016 жылдың 25 сәуірінен бастап жолаушыларды тасымалдау құны 10%-ға өсетіндігі туралы хабарлайды.

0
Тұлпар-Тальго пойыз

Соңғы рет темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифі екі жылдан астам уақыт бұрын, 2014 жылдың қаңтарында 7%-ға көтерілген болатын. Сонымен бірге, «Тұлпар-Тальго» пойыздарында икемді тариф жүйесі, яғни билетті сатып алу мерзіміне қарай жеңілдіктер сақталады.

Қазіргі уақытта аталған пойыздарда билетті сатып алу мерзіміне (пойыздың жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты  қосымша 40%-ға дейін жеңілдіктер бар. Бұдан бөлек, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жолаушылардың кейбір топтарына арнайы жеңілдіктер беретін дисконтты карталар шығарылды. Мәселен, «Ардақты ана»,  «Қамқор»  немесе «Ардагер+»  дисконтты картасына ие жолаушы күні бұрын билет алса, 70 пайызға дейін жеңілдікке қол жеткізе алады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу