Қазақстандық үш дзюдошы Азия чемпионы атанды

Өзбекстан астанасында жұма күні басталған Азия чемпионатында қазақстандық дзюдошылар үш алтын медальді жеңіп алды деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясы. Дереккөз: Азаттық

0
Дзюдо Азия чемпионаты

Қыздар арасындағы бәсекеде 48 келі салмақта қазақстандық Отгонцэгцэг Галбадрах финалда әлемдік рейтингті бастап тұрған Моңғолия өкілі Мунхбат Уранцегцегтен басым түсті. Ал 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мариан Ордабаева жапон спортшысын ұтып, Азия чемпионы атағын иеленді.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов финалда өзбек дзюдошысы Диорбек Урозбоевтан күш асырып, құрлық жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, қазақстандық Елдос Жұмаханов 66 келіде қола медальға ие болса, Дидар Хамза 73 келіде күміс жүлдегер атанды.

Дзюдодан Азия чемпионаты әлі жалғасып жатыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!