Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақ пен өзбек халқының достығын мақтан тұтамын

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Дереккөз: Ақорда
1
Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Кәрімов

Мемлекеттер басшылары сауда-экономика, су-энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Кәрімов күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелерді, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Ташкентте өткізу жоспарланып отырған ШЫҰ Саммитіне қатысты жайттарды талқылады.

Қазақстан Президенті екі елдің арасындағы тарихи достық қатынастарға тоқталып өтті.

Біз бұл байланыстарды Тәуелсіздік жылдары сақтап қана қоймай, мемлекеттерімізді жақындастыра түстік. Бұл орайда, көрші ретіндегі біздің риясыз ниетпен кездесу тәжірибеміздің маңызы зор. Мен Сізбен достығымды, қазақ пен өзбек халқының достығын мақтан тұтамын. Мақсат – осы қарым-қатынастарды, өзара сенімді нығайтып, келесі ұрпаққа мирас етіп қалдыру. Барша қазақстандықтар атынан өзбек халқына табыс пен бақ-береке тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

И.Кәрімов екі мемлекет арасында шынайы достық қарым-қатынас, құрмет пен өзара тілеулестік бар екенін айтты.

Біз өмір сүріп жатқан қазіргідей күрделі кезеңде дәл осы қасиеттер қажет. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сапары қазіргі жағдайда дұрыс шешімді бірлесіп іздеу жолында пікір алмасу үшін де маңызды. Әлемдік экономикада дағдарыс жалғасуда, дүние жүзінің ешбір мемлекеті қиындықтан кенде емес. Біз дұрыс жолмен жүріп, әрдайым бағытымызды бірлесе байыптап отыруды қалаймыз, – деді Өзбекстан Президенті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

Пікір қосу