Головкин 2016 жылдың соңына қарай Рамиреспен жұдырықтасуы мүмкін

Геннадий Головкин мен Хильберто Рамирестің командалары 2016 жылдың соңына қарай жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Дереккөз: Tengrinews.kz
0
Геннадий Головкин

Басылымның мәліметінше, бұл жөнінде спорт шолушысы Дэн Рафаэль Твиттер желісіндегі парақшасында хабарлады. Айта кетейік, Хильберто Рамирес — WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы. 24 жастағы спортшы соңғы жекпе-жегін 9 сәуірде неміс боксшысы Артур Абрахамға қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

Еске салайық, Геннадий Головкиннің алдағы кездесуі 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтеді. Оның қарсыласы америкалық боксшы Доминик Уэйд болады. Қазақстандықтар үшін кездесу 24 сәуір күні таңертең басталады. Жекпе-жекті «Қазақстан» телеарнасы тікелей трансляциялайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу