Қарағанды облысында 50-ге жуық педагог АИВ жұқтырған

Қарағанды облысындағы білім жүйесінде педагогтар арасында АИВ жұқтырудың 47 дерегі тіркелді, - деп хабарлайды АИВ-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық. Дереккөз: Tengrinews.kz

0
Дәрігер денсаулық АИВ

“Қарағанды облысында АИВ-пен ауыру бойынша статистика шиеленіс туғызып отыр. 2016 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өңірде АИВ жұқтырған 4415 адам және ЖИТС жұқтырған 920 адам тіркелген. Жұқтырғандардың ішінде балалар да бар – 51. 1971 адам қорғалмаған жыныстық байланыстан жұқтырған”, – деп хабарлады орталықтың маманы Динара Балғымбекова.

“Айта кету керек, адамдардың бұл категориясы ешқашан есірткі мен алкоголь қолданбаған. Қазіргі уақытта жыныстық жолмен жұқтыру ушығып отыр”, – деді Динара Балғымбекова.

“Біз АИВ туралы қорқытып айтпауымыз керек, алдын алу үшін айтуымыз керек. Жастарға некеге дейін міндетті түрде АИВ сынағынан өтуді жеткізу маңызды Бүгінде бұл уақытқа тәуелді тенденция”, – деді маман.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу