Астанада 3-ші сынып оқушысы кеудесін жерге тигізбей әлем рекордын жаңартты

Астанадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «серіппе» жаттығуынан КИнЭс Қазақстан рекордтар кітабының үш мәрте рекордшысы, 9 жасар Әмір Махмет балалар арасында əлемдік жəне Қазақстан бойынша əлемдік рекорд орнатты. Ол 60 минут бойы планканы ұстап тұрды, деп хабарлайды Bnews.kz.

0
Әмір Махмет

«Мен бұл рекордты жасаған кезде өзіме сенімді болдым. Үйде планканы 52 минут ұстаған болатынмын. Осындай жетістікке жеткеніме өзім де қуаныштымын. Болашақта Қажымұқан сияқты палуан болғым келеді», – дейді жас рекордшы.

Сонымен қатар, жас спортшы болашақта «серіппе» жаттығуын 1000 рет жасауды жоспарлап отырғанын айтты. Жас спортшының ағасы Айдар Ахметовтің айтуынша, бауырының мұндай жетістікті бағындыруы еңбектің арқасы.

Астанада 3-ші сынып оқушысы кеудесін жерге тигізбей әлем рекордын жаңартты (фото, видео)

«Бұл Әмірдің төртінші рекорды. Біз оны Гиннес рекордтар кітабына енгізуге өтініш бердік. Əмір өз дегенін орындады. Ол оқуда да озат», – дейді Ахметов.

Мамандардың пікірінше, дайындығы жоқ адам планканы шамамен екі минуттай, спортшы – 5 минуттай ұстай алады.

Сондай-ақ, Әмір Махмет өз жеңісін 2016 жылдың 23 сәуірінде Лос-Анджелесте аты әлемге танымал боксшы Геннадий Головкиннің Доминик Уйэдпен өтетін жекпе-жегіне арнап отыр.

Астанада 3-ші сынып оқушысы кеудесін жерге тигізбей әлем рекордын жаңартты (фото, видео)

Айта кетейік, жастығына қарамастан Әмір Махмет КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының үш мәрте рекордсмені. Алғашқы рекордын ол 2015 жылдың 1 маусымында «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Bar Bars командасы ұйымдастырған Street Workout бойынша жазғы маусымының ашылуында «серіппе» жаттығуын 450 рет көтеріп орнатқан болатын. Екінші рекордын Әмір Street Workout-тан өткен Ақмола облысының чемпионатында «серіппе» жаттығуын 30 секундта 50 рет орындаған! Ал үшінші рекордын жас спортшы 2015 жылдың қыркүйегінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында «серіппе» жаттығуын 550 рет көтеріп орнатты. Қазіргі таңда Әмірдің «серіппе» жаттығуынан жеке рекорды – 750.

Астанада 3-ші сынып оқушысы кеудесін жерге тигізбей әлем рекордын жаңартты (фото, видео)
Астанада 3-ші сынып оқушысы кеудесін жерге тигізбей әлем рекордын жаңартты (фото, видео)
Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!