Media and Social Innovation Lab 2016 шарасына қатысуға байқау

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның медиа, ҮЕҰ және ІТ мамандарын екінші Медиа және әлеуметтік инновациялар Лабораториясына қатысуға шақырамыз. Бұл — әлеуметтік мәселелер туралы жаңаша айтуды, оларды шешуге қоғамды араластыруды, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырудың қазіргі заманға тән құралдарын жасауды үйренуге ерекше мүмкіндік.

Дереккөз: Newreporter
0
social media Social Innovation Lab

Биылғы Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы 2016 жылғы 16-18 мамырда Алматыда өтеді.

Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы   Internews АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асырып отырған «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» жобасының аясында өткізіледі. Шараны ұйымдастырушылар — Орталық Азиядағы  Internews Network өкілдігі,  Интерньюс Қазақстан мекемесі және ҚМЭБИ.

Өзіңіз тұратын қаланың, өңірдің, елдің әлеуметтік мәселелерін мобиль қосымшалар, лонгридтер, картографиялық жобалар, арнайы жобалар және т.б. көмегімен шешу жолдарын ұсынатын әлеуметтік сипаттағы онлайн-жобалар бойынша өтініштер қабылданады. 

Өтініштерді іріктеу кезінде медиа мамандарынан, ҮЕ өкілдерінен және ІТ маманынан құралатын командаларға басымдық  беріледі. Сондай-ақ, келіп түскен өтініштерді іріктеу барысында Internews менеджерлері ұқсас жобаларды бір командаға біріктіруді ұсынуы мүмкін.

Барлығы 9 өтініш іріктеп алынады (әр елден үш жоба). Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясында командалар өтініш білдірген жобаларын кәсіби менторлар көмегімен жетілдіріп,  жұмыс істеп тұрған жобаға айналдыра алады.

Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы нәтижесінде үздік онлайн-ресурсқа 2000 доллар көлемінде шағын грант беріледі. Оның үстіне, әзірлеушілер Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда осы жобаларын ары қарай дамытып, ілгерілетіп, тұрақты ету үшін медиасеріктестерге беру жоспарланып отыр.

Барлығы үш елден отыз қатысушы шақырылады. Internews Network барлық қатысушылардың жол шығындарын, жатын орын шығындарын және тамақтануын өз мойнына алады.

Медиа мамандарынан, азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерінен, мемлекеттік құрылымдар мен ІТ мамандарынан жеке де, топпен де өтініштер қабылданады. Өтініш үлгісін мына жерден көшіріп алуға болады.

Толтырылған анкета мен ілеспе құжаттарды  oossadchuk@internews.org почтасына жолдау керек. Өтініштер 2016 жылғы 25 сәуірге дейін қабылданады.

Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясына қатысу байқауының қорытындысы  2016  жылғы 29 сәуірде  www.newreporter.org сайтында жарияланады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу