Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Асылжан Мамытбеков Ауыл шаруашылығы

«Жер мәселесі бойынша ешқандай шешім қабылданған жоқ және қабылданбайды да. Өйткені, жер негізінен сол жерді пайдаланушыларға сатылады. Қазақстанның Жер туралы кодексінде, заңдарында ешқандай шетелдікке ауыл шаруашылығы саласындағы жерлер сатылмайды деп жазылған. Сондықтан жер өзіміздің азаматтарға және жергілікті  компанияларға ғана тиесілі болады», — деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамбытбеков Ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі еуропалық комиссар Фил Хоганмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық комиссия арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақмерзімді әріптестік пен ынтымақтастықты нығайту, Еуразиялық экономикалық одақ шекарасы арқылы еуропалық ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мәселелері талқыланды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу