Владимир Школьник президент кеңесшісі болып тағайындалды

Қазақстанның бұрынғы Энергетика министрі Владимир Школьник Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Астанада халықаралық «Еуразия» жобасы бойынша өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында мәлім болды деп хабарлайды Қазақпарат. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Владимир Школьник

Аталған жиын Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Отырысқа «ҚазЭнерджи» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, президент кеңесшісі Владимир Школьник, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қатысуда.

Дөңгелек үстел барысында мұнай өндіретін компаниялардың өкілдеріне геологиялық зерттеулердің нәтижелері таныстырылды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!