Отандық сарапшы бензин бағасы 220-230 теңгеге жетеді деп болжады

Танымал отандық сарапшы Денис Кривошеев елімізде бензин бағасы 220-230 теңге болады деп болжады. Ол бензиннің қымбаттауы оң нәтижелер беретініне сенімді. Дереккөз: Caravan.kz

1

Бұған дейін бензинге акциздер 2015 жылдың 25 қарашасынан бастап Қазақстанда екі есеге артатыны хабарланған болатын.

«Бензин құны әлі күнге толықтай еркіне жіберілмеген. Жанармайдың нақты бағасы әлдеқайда жоғары… Мен бұған дейін баға литріне 140 теңге болып көтерілетінін болжаған болатынмын. Солай болды да. Алайда одан кейін халықтың дүрлігуінен қорқып, бағаны күрт түсірді. Мұнай бағасын ескеретін болсақ, бензиннің 160-170 теңге тұруы – қалыпты жағдай. Мұның өзінде Ресей бензин бағасын көтермеген жағдайда. Ресейде бензиннің литріне 34 рубль алады. Алайда бағам өзгеруімен қоса, бензин де литріне 45 рубль болып көтерілетіні айтылды. Егер Ресей көтерсе, бізде литріне 220-230 теңге болады деп ойлаймын”, – дейді Кривошеев.

Маманның ойынша, Ресей бензинді 40 рубльге көтерсе, Қазақстанда 180-185 теңге болады. Ал егер 50 рубль болса, біздің ел литріне 220 теңге ететін болады.

Сарапшы бензин қымбаттаса оң нәтижелер беретінін алға тартты.

“Бензин бағасы адамдардың көлікпен жүру-жүрмеуіне қатысты таңдауына әсер етеді. Алайда халық көп ұзамай өз таңдауын жасап, әлдеқайда экологиялық жанармай түрі – газға көшетін болады. Алматының жағдайын ескерсек, бұл жаман қадам болмайды. Ауаны ластауды доғару керек. Көп жағармай құртатын көліктер тиімсіз болып қалады… Не қымбаттайтыны маңызды емес. Маңыздысы – әр нәрсе өз құнын табады. Ал тұрғындардың табысы өз орнында қалады. Сәйкесінше, тауар құны мен тауар құндылығының арақатынасы ауысатын болады. Бұл өте жақсы”, – дейді Кривошеев.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу